"Ленгер су" еңбек ұжымымен "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында жиын
Бүгін «Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық сайлауалды штаб аппарат төрағасының орынбасары С.Дүйсебаев, аудандық штаб төрағасы, «Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қ.Қансейтов және аудандық маслихат депутаттығына үміткерлер "Ленгер су" еңбек ұжымымен "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында жиын өтті.Жиында белгілі болғандай Қазіргі таңда Төлеби ауданында 55 елді мекеннің 54 елді мекені ауыз сумен қамтамасыз етілген (96,4%, яғни 109430 адам). Ауыз су жүйелерінің жалпы ұзындығы 929,9 шақырым (тозуы 399,8 ш.қ. немесе 43 %).2025 жылы аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз ету міндетін қойып отыр.Бұл үшін «Nur Otan» партиясы бүгінгі таңда ауыз су жүйесімен қамтылмаған: Жаңакүш елді мекенінің жобалық-сметалық құжаттам…


