Тең мүмкіндіктер құру үшін «Nur Otan» партиясы бар күшін салады
Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Ғ.Елшібаев және А.Амиралиев, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Д.Турдалиев, М.Ермаханбетова, Е.Бектұрғанов, Н.Амангельдиева, Д.Қуашбай өңірдің проблемалық мәселелерін талқылау бойынша мүмкіндігі шектеулі жандармен аудандық штабта кездесіп, жиын өткізді. Үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасына тоқталып, ауданда ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта жағдай жасалғандығын айтып, сапалы медициналық қызмет көрсету мәселесін талқылады.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың мүддесін қорғауды мемлекет басшысының өзі басты назарға алғаны белгілі. Осыған байланысты «Nur Otan» партиясы бірқатар жұмыстар атқарып келеді. Мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық оңтайлы жағдай жасалуы — қашанда партия назарында. Осы басқосуда мүмкіндігі шектеулі азаматтар мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан жәрдемақы, дәрі-дәрмек, емдеу-оңалту шараларына көңілдері толатынын, дегенмен Төлеби аудан орталығында бірқатар мекеме мен сауда-саттық орындарында пандустардың жоқтығы, бар болған күннің өзінде сапасы сын көтермейтінін, сонымен қатар қоғамдық автобусты жиі-жиі жүргізсе, бірінші мөлтекауданда сөйлейтін дыбысты бағдаршам болса, инватакси қызметін арттырса,-- деп осы мәселелерді шешіп беруін айтты. Кандидаттар көтерілген мәселенің өз шешімін табатынын жеткізді.
Ауданда ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта құруға ерекше көңіл бөлінеді. Атап айтсақ оларды қолдау үшін 2025 жылға 150 мүмкіндігі шектеулі азаматтарды «Еңбек» бағдарламасы аясында жұмыспен қамтуға ықпал етеді.

