ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер Әлтай Аманжол Дүйсенбайұлымен тікелей эфир өтті.
2020 жылдың 20 желтоқсаны күні ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер Әлтай Аманжол Дүйсенбайұлына тікелей эфирде сұрақтар қойылды.
Тікелей эфирде партияның негізгі сайлауалды бағдарламасы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, алдағы жұмыс жоспарларына тоқтала кетті. Сонымен қатар білім саласы, рухани жаңғыру бойынша және де басқа да сұрақтар талқыланды. Жастарды қазақ тілін насихаттауды және қазақ тілінде сөйлеуге шақырды. Аудан тұрғындарынан сұрақтар қойылды және сұрақтарға толықтай жауап берілді.
Эфир соңында кандидат сайлаушыларды 2021 жылғы 10 қаңтарда сайлау учаскелеріне келіп, «Nur Otan»партиясына өз дауыстарын беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Қарағанды облысы Сайлау қорының қаражатынан төленді.
