Республикалық сайлауалды штаб мүшелері Имашева Снежанна мен Анвар Агаев облыстық сайлауалды штаб мүшесі Идиятов Сержан Бөрлі ауылы тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында ҚР Парламент Мәжілісіне кандидат Имашева Снежанна "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіруден бұрын ел тәуелсіздігінің бүгінгі күнге дейінгі жетістіктерін тілге тиек етті. Сөз барысында елдегі білім саласында жасалған жағдайлар туралы айта келіп, аталмыш саланың бұдан әрі де мәселен мұғалім мәртебесінің және жалақысының көтерілуі, мектептердің материалдық базалары да нығая беретіндігін жеткізді. Елдегі пандемия кезінде мұғалімдер қашықтан болса да тынбай еңбек етіп, білім беруді жалғастырса, медицина мамандары қиын кезде алғы шепте жүріп, елге басты жағдай жасады. Сондықтан да медицина мамандарына да ж…