Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Айгүл Маликова брифинг өткізіп

«Nur Otan» партиясы Павлодар қалалық филиалының сайлауалды штабының жетекшісі Айгүл Маликова брифинг өткізіп, штаб қызметі мен өткізілген іс-шаралар туралы айта келе, жұмыстың аралық қорытындысын шығарды. Қалалық сайлауалды штабы өз жұмысын 10 желтоқсан күні бастады. Оның құрамына қоғам қайраткерлері, мемлекеттік қызмет ардагерлері мен белсенділер кірді. Депутаттыққа кандидаттардың сенім білдірген адамдарының тізімі 414 адамды құрады. «Біз тиісті жұмыс жоспарын әзірледік, бүгін үгіт-насихат кезеңінен сәтті өтіп жатырмыз. Штабтың қоғамдық қабылдау бөлмесінде күн сайын азаматтарды қабылдау жүргізіледі. Қазірдің өзінде 40-тан астам өтініш қаралып, оларға толық жауаптар берілді. Сонымен қатар, үміткерлер күн сайын павлодарлықтармен онлайн режимінде де, оффлайн режимінде де кездесулер өткізеді. Сондай – ақ, қала тұрғындары Facebook және Instagram сияқты әлеуметтік желілерде өз сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айта алады», - деп атап өтті А.Маликова. Айта кету керек, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. ____________ Руководитель предвыборного штаба Павлодарского городского филиала партии «Nur Otan» Айгуль Маликова провела брифинг, в ходе которого рассказала о деятельности штаба и проведенных мероприятиях, а также подвела промежуточные итоги работы. Городской предвыборный штаб начал свою работу 10 декабря. В его состав вошли общественные деятели, ветераны госслужбы и активисты. Список доверенных лиц кандидатов в депутаты составил 414 человек. «Нами был разработан соответствующий план работы, и сегодня мы успешно проходим агитационный период. В общественной приемной штаба ежедневно ведется прием граждан. Уже рассмотрено более 40 обращений, по которым были даны развернутые ответы. Кроме того, кандидаты ежедневно проводят встречи с павлодарцами, как в режиме онлайн, так и оффлайн. Горожане также имеют возможность задать свои вопросы и высказать предложения в социальных сетях, таких как Facebook и Instagram», – отметила А. Маликова. Стоит отметить, что работа в данном направлении продолжается.

0
0
124

Осы тақырып бойынша

Айгүл Маликова брифинг өткізіп - Yvision.kz