Үгіт-насихат жүргізу бойынша кездесу
Әлеуметтік сала Nur Otan партиясы Сәтбаев қалалық филиалы өзінің сайлауалды бағдарламасында ерекше басымдық беріліп отырған бағыттардың бірі. Партия тұрақты экономикалық-әлеуметтік дамуының көрсеткіші ретінде азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуды көздейді. Ол үшін білім беру, денсаулық сақтау салаларындағы сапалы қызметке қол жеткізуді жүйелі жүзеге асыру қажет. Саяси науқандаПартиялық гіт-насихат жұмыстары қаламыздағы білім беру орындарында жалғасын табуда. Қалалық штаб мүшелері іргелі оқу орны – Абай атындағы №4 лицейінің ұжымымен кездесті.
– Құрметті сайлаушылар! 10 қаңтарда еліміздегі маңызды сайлау өтетінін білесіздер. Nur Otan партиясы әрдайым әлеуметтік салаға, оның ішінде білім саласына ерекше көңіл бөліп келеді. Материалдық-техникалық базаны нығайта отырып сапалы білім беруге ұмтылу кемел келешекке жол бастайды. Партия өзінің сайлауалды бағдарламасында білім сапасын жақсартуға барынша қолдау көрсететін болады. Қазіргі таңда апатты жағдайдағы білім орындары, үш ауысымды мектептер жоқ. Пандемия білім беру тәсілін өзгертті. Сондықтан жаңа талаптарды ескере отырып, қашықтан оқыту форматына байланысты оқытушыларды даярлау қажет. Педагогикалық шеберлік курстарынан өткізу арқылы педагогтардың біліктілігін арттыру, мектептерді лингафондық және робототехника кабинеттерімен толық қамтуымыз керек. Біздің партия сапалы білімді қолдайды. Сондықтан дұрыс таңдау жасайды деп сенеміз, – деді қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Қайрат Смайлов.
Штаб өкілдері сайлауалды бағдарламада көрсетілген бағыттарды толық түсіндіріп, саяси додада Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырды.
