Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мерейлік сайлаушылармен кездесу

Бүгін Мерей ауылдық округінде Республикалық сайлауалды штабының мүшесі, ҚР-ның мемлекеттік қайраткері, сенаторлар кеңесі төрағасының орынбасары Айтимова Бірғаным Сарықызы және облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Л.Тұрсынова, И.Енютин, М.Кунуспаева, А.Ликеров, аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Л.Жұбанышқалиева іс-сапармен болып, сайлаушылармен кездесті.

Ортаға алынған мәселе ол әрине, алда келе жатқан үлкен сайлау науқан болғандықтан, басты назар сол бағытқа бұрылды. Жиын барысында сөз алған Бірғаным Сарықызы бүгінгі таңда көтерілген мәселелердің барлығы еліміз үшін өте өзекті болып табылатынын, жүзеге асырылатын бастамалар еліміздің экономикалық дамуының инновациялық өзегіне айналып, бәсекеге қабілетін арттыра түсуі тиіс екендігін жеткізді.

Сондай-ақ сайлаушылардың сұрақтарын, тілектерін тыңдап, ұсыныстарын назарға алды.

0
0
127

Осы тақырып бойынша

Мерейлік сайлаушылармен кездесу - Yvision.kz