«Экономикалық тұрақты аудан»
Бүгін біздер Қызылқия ауылында«Есіктен есікке»,Сарапхана ауылында спорт саласының үміткерлерімен, Қазығұрт ауылында «Орталық» бастауыш партия ұйымдарымен кездестік. Ауылдарды аралау барысында партия тарапына айтылып жатқан ізгі ниеттерді,халықтың ризашылығын көріп қуанып қалдық. Партиямыздың сайлауалды бағдарламасында көрсетілген бағыттардың бірі «Экономикалық тұрақты аудан». Осы тұрақтылықты сақтау және де іргелету мақсатында атқарылатын жұмыстар қандай болмақ,алдағы уақытта?! Осы мәселе бойынша үгіт-насихат жүргіздік.Өздеріңізге белгілі,коронавирустық пандемия жағдайында нарықты азық-түлік тауарларымен тұрақты түрде қамтамасыз ету мәселесі ерекше және өзекті болып отыр. Ауданның ішкі азық-түлік нарығының тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуін сақтауға ғана емес, жаңа экспорттық тауарларды іздеуге де күш-жігер біріктіріліп, келісілген іс-қимыл жасалатын болады.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:
«Асыл бастау. kz» ЖШС-нің майсыздандырылған құрғақ сүт және сары май өндіру өндірісін ашуға;
«Сапа-2002» ЖШС-нің мал бордақылау кешенін 20 000 басқа ұлғайтуға;
5000 бастық бордақылау алаңын салуға (ЖК «Р.Мамбеталиева»);
қолданыстағы қайта өңдеу объектілерінің шығарылатын өнімдерінің ассортиментін кеңейтуге ықпал етеді;
кәсіпкерлер мен фермерлерге инвестициялаудың мемлекеттік бағдарламаларына қатысуы үшін қолдау көрсетеді;
Нәтижесінде асыл тұқымды мал басының үлесі артып, мүйізді ірі қара мал саны 10,0%-ға, қой саны 15,0%-ға артады. Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу көлемі 2,5 млрд. теңгеге жеткізіледі. Осылайша, біздер бағдарламада көрсетілген ақпараттармен ауыл тұрғындарын таныстырдық.
Кездесу соңында 10 қаңтар да болатын сайлауға ұйымшылдықпен қатысуға шақырдық
