Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қоғамдық қабылдау бөлімінде Н.Байысбек желілік кестеге сай қабылдау жүргізді.

«Nur Otan» партиясының Қазығұрт аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлімінде Н.Байысбек желілік кестеге сай қабылдау жүргізді.

Қойылған талаптардың басым бөлігі мәдениет саласына қатысты. Тұрғындардың сұрақтарына заң аясында түсініктеме беріліп, тиісті жауаптар берілді. Сонымен қатар, партияның сайлауалды бағдарламасы насихатталып, Мәдениет саласы бойынша «Nur Otan» партиясы біздің қоғамның бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен арттыруды қолдайтыны айтылды.. «Nur Otan» партиясы біздің қоғамымыздың бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтауды және көбейтуді жақтайды.

2025 жылға дейін апаттық жағдайдағы мәдениет нысандары жойылып, жаңа нысандар бой көтеретін болады.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

 Қазығұрт ауданының көрнекті тумаларын (Қалаубек Тұрсынқұлов, Райымқұл Темірбаев, Өмірсерік Қалдыбай) насихаттауға;

 ұлттық бірегейлікті қалыптастыруды және ұлттың мәдени кодын сақтауды жалғастыруға;

 этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту үшін этномәдени және діни бірлестіктерді белсенді қолдау, оның ішінде тақырыптық 23 іс-шаралар өткізуге;

 «Бақытты отбасы» партиялық жобасы шеңберінде отбасының рөлін арттыруға және отбасылық құндылықтарды нығайтуға ықпал ететін түрлі акциялар, спорттық іс-шаралар өткізу, оның ішінде тақырыптық 28 іс-шаралар өткізуге;

 ұлттық бірегейлікті қалыптастыру және ұлттың мәдени кодын сақтау, оның ішінде тақырыптық 25 іс-шаралар өткізуге ықпал етеді.

Нәтижесінде мәдени және рухани құндылықтар сақталып, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларында айтылған ойлар жүзеге асады деп аудан тұрғындарына бағдарламаны насихаттады!

Қоғамдық қабылдау соңында «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы, Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
201

Осы тақырып бойынша

Қоғамдық қабылдау бөлімінде Н.Байысбек желілік кестеге сай қабылдау жүргізді. - Yvision.kz