Мазмұнға өту

Жаңа

Оспанова Дина Михайловна "Есіктен есікке" акциясын өткізді.

#NurOtan #Bizbirgemiz #jenimpazbol #Tanday2021Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Оспанова Дина Михайловна "Есіктен есікке" акциясын өткізді. Тайбай ауылының тұрғындарымен кездесіп , партияның басымдығын алға тарта отырып, дұрыс таңдау жасауға шақырды.

0
0
189

Есіктен-есікке

Сенімді өкілдерім Е.Аманжолұлы мен Б.Санаққызы Жымпиты ауылы мен Құспанкөлде ауыл тұрғындарымен кездесіп сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізумен қатар елдің де талап-тілектері мен ұсыныстарын тыңдауда.

Абильдинова Жұлдыз Аманжоловна"Есіктен есікке" акциясына қатысты.

#NurOtan #Bizbirgemiz #jenimpazbol #Tanday2021

Бүгін Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Абильдинова Жұлдыз Аманжоловна

"Есіктен есікке" акциясына қатысты. Жұлдыз Аманжоловна алдағы сайлаудың еліміз үшін маңыздылығын түсіндіріп, тұрғындарды "Nur Otan" партиясына қолдау көрсетуге шақырды.

0
0
133

Есіктен-есікке

,,Nur Otan" партиясының сайлау алды бағдарламасын таныстыру мақсатында үгіт -насихат жұмыстарымен Алғабас ауылында болдым. Жасы үлкендер өз алдына бір төбе " дегендей жастық шақтарында туған ауылдарының өсіп-өркендеуіне арнап еңбек еткен,бүгінде зейнеткерлік жастағы әр сала өкілдері (малшы,шопан,дүкенші, аспаз,кадр бөлімі басшысы) аға-апаларымызбен (Марабаев А,Оңайбеков С,Сатова Қ,Марабаева А,Ақжанов Ж)жүзбе-жүз кездесіп,ұсыныс-тілектерін тыңдадым.Алғабас тұрмысқа қолайлы,барлық жағдайы жасалған (газ,жарық,жол,желілік байланыс) ауыл.Жастардың басым бөлігі барып-келіп вахталық ауысымда жұмыс жасайды,мал бағып,құс өсіріп т.б өз кәсібін бастағысы келетіндерге мемлекеттік бағдарламалар бойынша берілетін несиелерді әлі де қол жетімді болуына жағдай жасаса дейді ауыл үлкендері

0
0
181

Косщегулов Саят Усербаевич "Экожәрдем" қызметкерлерімен сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

#NurOtan #Bizbirgemiz #jenimpazbol #Tanday2021

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Косщегулов Саят Усербаевич "Экожәрдем" қызметкерлерімен сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. "Nur Otan" партиясының бағдарламасымен таныстырып, партия үшін дауыс беруге шақырды.

0
0
142

Ақтөбе облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Бижан Қалмағанбетов Көптоғайлықтармен кездесті

Бүгін ауданымызға арнайы ат басын бұрған Ақтөбе облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Бижан Қалмағанбетов «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында Көптоғай ауылдық округінде болып, ауыл тұрғындарымен «Экспромт» кездесу өткізді. Кездойсоқ кездесуде зейнеткер ұстаз, Гүлнар Қарабалина Көптоғайда көгілдір отын мәселесі қашан шешілетіндігін қозғаса, көп балалы ана Гүлбарша Қошқарова ауылдың жолы қашан жөнделіп бітетіндігін, жасалынып жатқан жолдың сапасының қаншалықты екендігін сұрады. Қойылған сұрақтарға жауап берген Бекжан Қалмағанбетов ауыл тұрғындарының «Nur Otan» партиясына сенімі зор екендігіне ризашылығын білдірді. Сонымен қатар Көптоғай ауылдық округінің орталығында тұратын аға буын өкілдерімен кездесті. Олардың ұсыныс-пікірлеріне құлақ тосып, «Nur Otan» п…

0
0
244

Есіктен-есікке

ҚР Президенті Құрмет грамотасының иегері,Мәдениет саласының ардагері, зейнеткер Т.Есмұхановтың шаңырағында болып ,,Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып,ұсыныс -тілектерін тыңдап шықтым.Ағамызды мазалайтын көкейтесті мәселенің маңыздысы кезінде атағы жер жарған (,,Правда" газеті атындағы совхоз) қазіргі Тоғанас ауылында мәдени нысан мен балабақшаның жоқтығы екен

0
0
121