Жаңа
Ұлт болашағы – білімді ұрпақ
Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Саягүл Махашева білім саласы қызметкерлерімен кездесті. Басты мақсат – сапалы білім беруді қамтамасыз ету.Нақтырақ айтсақ:
– Орта мектеп жанынан қосымша топтар ашу арқылы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқумен толық қамту;
– Орта мектептерді кезең-кезеңімен жаңа модификацияланған пәндік кабинеттермен (химия,биология,физика)жабдықтау;
– 2020-2025 жылдар аралығында "педагог-шебер","педагог-зерттеуші", "педагог-сарапшы", "педагог-модератор" санаттары бойынша педагогтар үлесін 52%-дан 85% жеткізу;
– Бірнеше мектепті жаңадан салуға ықпал ету;
– Көпбалалы отбасы балаларын қашықтықтан оқыту жағдайында тиісті құрылғылармен қамтамасыз ету;
– Инклюзивті білім беруге жағдай жасау;
– Мектеп бітіруші түлектердің ҰБТ-де жоғары балл жинауына және мемлекеттік білім грантын иеленуге қол жеткізу.
"Білім – жанып тұрған шырақ" десек, сол шырақты жағушы жақсы ұстаз ғана мектептің жүрегі болмақ.
Ол алғашқы пікір алмасу, алғашқы кездесуін жауапкершілік жүгін бірге арқалап келе жатқан әріптестерінен бастады.
Әріптестері елдің кемел келешегіне сенеді. Олар ұлт болашағын тәрбиелеуде "Өз уақыттарын аямай, бала бақытын аялайтындықтарын жеткізді.
Денсаулық сақтау саласының жұмысын реттеп, медицина сапасын арттырамыз
Шошанов Алимжан Қайратұлы қала тұрғындарымен "Есіктен есікке" акциясын өткізді.
Ақтаулық 10 азаматқа қаланың “Құрметті азаматы» атағы берілді
Үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда.
Арқалап сол майдан жүгін,
Қырғын соғыс ортасында,
Көкірегінің кекті зілін,
Қоса түйіп қорғасынға — деп Қ.Аманжолов жыр арнаған Абдолла Жұмағалиевтың жерлестерімен кездесіп, “Nur Otan" партиясы сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, партияның саясатын қолдауға шақырдық.
Қаратал ауданының азаматы, облыстық депутаттыққа үміткер кандидат:үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Алиева Торғын Сатыбалдықызы Еркіншілік ауылдық округінің тұрғындарымен"Есіктен есікке" акциясы өтті
Есіктен есікке
Елімізде сайлауалды бағдарламаларды таныстыруда үгіт насихат жұмыстары жүргізіліп жатқаны баршаға мәлім, осы орайда менің Айнагуль Мағауияқызының сенімді өкілі екенімді білген аудан тұрғындары, әріптестерім өздерін толғандыратын мәселелер мен ұсыныстарын ашық айтуда, бұл үшін мен қуанып отрмын, себебі кейбір азамат-азаматшалардың сенімсіздік танытып, жәй ғана фотокөріністер деп, болмаса басқалай керағар пікірлері барын жасыратыны жоқ, ал алдыма келіп қойған сұрақтарына, болмаса интернет желісі арқылы жіберіліп жатырған бар сауалдарға дұрыс түсінік беруге тырысып, жауап беруге тырысып жатырмын. Осындай бір кездесулік сәт, әріптесім Ниетқалиев Есбол бүгін жұмыс орныма , жұмыс бөлмеме арнайы келіп өз ұсыныстарын айтты, жеке мәселем емес, Сізге бір ұсыныстарым бар дегеніне қуана тыңдап ,( себебі арнайы шақырмай келгені үшін, сенімі үшін) жазып алдым. Айтеке би көшесіндегі жарық шамдардың жоқтығын, қазіргі таңда иттердің көбеюін айтып, кішкентай балалар мен қарттарға қиын екендігін айтты. Мүмкін емес нәрсе болмайды, сондықтан тек сайлауалды емес , жалпы әр сала басшысы өз құзыретіне кіретін шаруаларды уақтылы шешуге болады деп ойлаймын, дегенменде сенімдеріңізге, халық жағдайын ойлаған ұсыныстарыңызға рахмет.