Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмысын жүрізу жалғасуда.

«Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмысын жүрізу жалғасуда.

«Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидат Прокоп Г.Г сенімді өкілдері мен аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Адьят Байкал Мұзбел ауылы тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында партияның негізгі сайлауалды бағдарламасы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ауыл тұрғындарынан қойылған сұрақтарға толықтай жауап берілді.

"Nur Otan" партиясы ауыл азаматтарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдайды. Бұл бағытта «Ауыл - Ел бесігі» жобаларын іске асыру жалғасатын болады.

2025 жылға қарай ауылдардың инфрақұрылымын жаңғырту Нұра ауданының 22 мың тұрғынының өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Нәтижесінде аудан тұрғындары таза су мен сапалы жолдарға, Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізе алады.

Ауданның барлық ауылдарында сапалы жолдар мен азаматтар үшін жақсы инфрақұрылым болуы тиіс."Nur Otan" партиясы кентішілік және аудандық автомобиль жолдарын жөндеу мәселесін шешуге ықпал ететін болады.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы ықпал жасайды:150 км. автожолдардың сапасын кезең-кезеңімен жақсарту, оның ішінде:2021 жылдан бастап жалпы ұзындығы 80 км-ден астам "Жараспай-Құланұтпес", "Шахтер-Майоровка", "Заречное-Тассуат", "Нұра-өндіріс", "Пикет-Соналы-Изенді" жолдарын жөндеу.2021 жылдан бастап ұзындығы 50 км-ден астам Балықтыкөл, Қантай, Құланөтпес, Талдысай, Жанбөбек, Қарақасқа ауылдарына кірме жолдарды жөндеу. 2021 жылдан бастап Нұра кенті, Баршын, Ахмет, Көбетей, Қайнар,Мыңбаев,Байтуған,Егінді,Тассуат,Қарой ауылдарында жалпы ұзындығы 20 км кент және ауылішілік жолдарды орташа жөндеу.

Бұл шаралар 2025 жылға қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесін 68% - дан 75% - ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Соңында сайлаушыларды 2021 жылғы 10 қаңтарда сайлау учаскелеріне келіп, «Nur Otan»партиясына өз дауыстарын беруге шақырды.

БІЗ ҚИЫНДЫҚТЫ ЕҢСЕРІП, ЖЕҢІСКЕ БІРГЕ ЖЕТЕМІЗ!

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
172

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмысын жүрізу жалғасуда. - Yvision.kz