Есіктен есікке
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік мерекесіне орай және сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында 14,15 желтоқсан күндері Құспанкөл,Қарағанды,Сегізүй ауылдарында болып тұрғындармен кездесіп қайттым.Тұрғындарды мазалайтын сұрақтардың дені сайланып алған депутаттың сол ауылға келесі сайлауға дейін ат ізін салмайтыны екен,маған да солардың қатарынан емессің бе дегені
Сегізүй ауылының тұрғыны Ұ.Исламғалиева анамыз (өздігінен жүре алмайды) ауылға дәрігер керек десе т.б тұрғындар газ,жол,ауылды жарықтандыру жайлы әңгіме қозғады.Құспанкөл мен Қарағанды ауылдарындағы өзекті мәселенің бірі жазғы мал жайылымы кезінде бақташы таба алмай қиналады екен.Алдағы күндері амандық болса әлі де ел ішінде көбірек болу ойда бар.
