Үміткерлер кездесуде
Үгіт-насихат жұмыстары барысында облыстық мәслихат кандидаттары З.Шүкіров атындағы мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездесті. Келелі кездесу барысында негізінен партияның сайлауалды бағдарламалары түсіндірілді. Сондай-ақ, сайлауалды бағдарламада ауылшаруашылығы мен кәсіпкерлік саласы назардан тыс қалмағандығы айтылды.
Үміткерлер кездесу барысында «Nur Otan» партиясының аз уақыт ішінде еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігіне, еліміздің гүлденуіне қосқан үлесі жайлы айтып, алдағы уақытта да қазақстандықтың игілігіне жұмыс жасауды жалғастыратынын айтты. Осы тұста партия тұрғындардың үмітін ақтап, халықтың барлық топтарының мүдделерін білдіріп, халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын ретінде әрекет ету үшін барлық қажетті шараларды қабылданатындығы айтылды. Сонымен қоса, үміткерлер тұрғындарға партияның бағдарламасы облыс халқын кешенді дамытуға бағытталғанын, аймағымызды әртараптандырып, бәсекеге қабілетті экономика және өмір сүру үшін жайлы аумақ ететін нақты шаралар ұсынылатындығын жеткізді. Үміткерлер тұрғындарды жетекші партияның ілкімді істерін қолдап, 10 қаңтар күні өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
