Абыз ақсақалдың батасын алды.
Бүгінгі үгіт-насихат жұмыстарын ең алдымен, облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Жұмашев Мейрамбек Тоғысұлы Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, Арал ауданының құрметті азаматы, ардагер-журналист Шәкірат Дәрмағамбетовтың киелі қара шаңырағында болып, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырумен бастады.
Партия әрдайым ардагерлердің, жалғызбасты қарттардың, барлық санаттағы егде тартқан жандардың әл-ауқатын назарда ұстап келеді. Оған дәлел, «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында атқарылған іс – шаралар дәлел. Абыз ақсақал партияның әлемді әбігерге салған індет кезінде халыққа жасаған қызметі туралы хабардар екенін жеткізіп, ризашылығын білдірді.
