Үгіт насихат жұмыстары жалғасуда
«Nur Otan» партиясынан Кентау қалалық мәслихатына ұсынылған кандидаттар Қанат Бекметов, Асылбек Утебаев, Ерлан Рүстемов, Нұрсұлтан Абдуллаев, Азиз Азимов Оранғай ауылының тұрғындарымен кездесті.
ZOOM платформасы арқылы өткен онлайн кездесуде сайлауалды бағдарламаны түсіндіріп, үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.
Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуының көрсеткіші. «Nur Otan» партиясы денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік салада сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, қала тұрғындарының өмір сүру жағдайын арттыруға күш салады.
Қалада адамдарға алғашқы медициналық көмекті барынша жақындату, ауылдық медицинаны материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету, шалғай ауылдарда тұратын ауыл тұрғындары үшін дәрі-дәрмекке қол жеткізу мәселелерін шешу, сырқаттанушылық пен өлім-жітімді азайту жұмыстарына ықпал етеді.
