Мазмұнға өту

Жаңа

Қарақұм ауылына 2021 жылы 150 орындық мәдениет Үйі салынып, 2025 жылға дейін ауылға газ тартылмақ.

Ордабасы ауданындағы Қарақұм ауыл округі 2009 жылғы санақ бойынша 3 мыңнан астам халқы бар, шағын және орта кәсіпкерлігі дамыған, егін, мал шаруашылығымен айналысатын елдімекеннің бірі болып табылады. Ауыл тұрғындары ауызбіршілікте тіршілік етіп келеді. 

Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар: Шойынбаева Ақсәуле, Жанысбеков Ерұлан, Ақылбекова Жанар, Абухайыров Әділет бүгін Қарақұм ауыл округінің тұрғындарымен кездесті. Үміткерлер «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндіріп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Сонымен қоса, аталған партияға сенім артып, алдағы сайлауда дауыс беруге шақырды. 

Олардың айтуынша, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы ауданды дамытудың  7 басым бағыттары, яғни, Экономикалық тұрақты аймақ; Ыңғайлы аймақ; Әлеуметтік қызметке бағдарланған аймақ; Жастарға арналған аймақ; Мәдениеті мен тарихы бай аудан; Ашық және есеп беретін жергілікті органдар; Қауіпсіз аймақ бойынша алдағы 5 жылда қыруар іс атқарылмақ. Қарақұм ауылына қатысты айтар болсақ, 2021 жылы 150 орындық мәдениет Үйі салынып, 2025 жылға дейін ауылға газ тартылмақ.

0
0
237

Аудандық маслихатқа үміткер Г.Калиева онлайн форматта білім қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды

24.12.20. Күні онлайн форматта білім, денсаулық саласының қызметкерлерімен дөңгелек үстел бағытында аудандық маслихатқа үміткерлер Г.Калиева, Т.Ажгалиева, Г.Мутева кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде сайлауалды "Nur Otan" бағдарламасы таныстырылып және осы уақытқа дейнгі партияның атқарған жұмыстарына тоқталдық. Қатысушылар өз ой пікірлерін ортаға салды. Сайлауға түгел қатысып, "Nur Otan" партиясын дауыс беруге шақырылды.

0
0
172

Онлайн форматтағы кездесу

Шара барысында  "Nur Оtan" партиясы Исатай ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасымен таныстырылып, оның ішінде Зинеден ауылына жасалатын жағдайлар туралы айтылды. 2022-2023 жылдары Зинеден ауылының  5,1 шақырым ауылішілік жолдарын қайта жаңғыртуға, 2023 жылы Зинеден фельдшерлік-акушерлік пунктін күрделі жөндеу, 2023-2024 жылдары Нарын, Исатай және Зинеден ауылдарынан 200 орындық мәдениет үйінің құрылысын салуға жоспарланып отырғаны туралы айтылды. Сонымен қатар, ауыл тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

0
0
333

Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!

Кездесу барысында уміткер "Nur Otan" партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Оның ішінде жастарды жұмыспен және тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерін қозғады. Жылына шамамен 5 мың адамды қамтитын «Алғашқы жұмыс орны» жобасы іске қосылуы, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылға келген жас мамандарға тұрғын үй сатып алуға кредиттер берілу, өңірлер деңгейінде жас отбасылардың тұрғын үй проблемаларын шешу бойынша қосымша бағдарламалар әзірленеді деп жоспарланып отырғанын айтты. Сөз соңында, уміткер еліміздегі беделді партия- "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.

0
0
173

Жармыш ауылының ардагер ұстазы Алдақова Қымбат Досжанқызына Сәуле Бусахановамен бірге барып кездесіп

Жармыш ауылының ардагер ұстазы Алдақова Қымбат Досжанқызына Сәуле Бусахановамен бірге барып кездесіп, "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырдым және алдағы сайлау науқанына шақырдым. Қымбат апай елдің жағдайын айта келе, ауылға жоғары білімді дәрігер керектігін, аналар кеңесінің жұмысын жандандыру, болашақта ауыл әкімінің жергілікті жердің тумасы болғанын қалайтынын айтып өтіп, алдағы сайлауға сәттілік тіледі.

0
0
188

Үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

"Nur Оtan" партиясы Исатай аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттар С.Шарапиден, Ж.Кулгалиев, Қ.Көшәлиев және Исатай аудандық сайлауалды штабының төрағасы А.Бекішұлы "Жайықмұнайгаз" бастауыш партия ұйымында болып, мұнайшылармен кездесу өткізді. Шара барысында  "Nur Оtan" партиясы Исатай ауданы бойынша алдағы 5 жылдық сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Оның ішінде аудан бойынша экологиялық жағдайды жақсарту мәселелеріне тоқталды. Елді мекендерде кәсіпкерлердің сұрыпталған қатты тұрмыстық қалдықтарды қабылдау пункттерін ашуына жәрдемдесуге, 2021-2023 жылдары Аққыстау, Тұщықұдық, Қамысқала, Жанбай ауылдық округтерін көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге, 2021 жылы Аққыстау ауылындағы полигонда қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау алаңын жасақтауға жоспарланы туралы айтылды. Сонымен қатар, нақты істер партиясы- "Nur Оtan" партиясын қолдауға шақырды.

0
0
174

"Адалдық алаңы Маңғыстау аудандық" жобалық кеңсесінің мүшелері

"Адалдық алаңы Маңғыстау аудандық" жобалық кеңсесінің мүшелері және "Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалы өкілдерінен құрылған мобильді топ дәріханалардағы дәрі-дәрмек қорының жеткіліктілігі мен бағаның тұрақтылығына мониторинг жүргізді.Нәтижесінде аудан дәріханаларында дәрі - дәрмек қоры жеткілікті және баға тұрақты екендігі анықталды

0
0
162

«ZOOM» платформасы арқылы онлайн кездесу өтті.

«ZOOM» платформасы арқылы онлайн кездесуге облыстық, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер, денсаулық сақтау саласының өкілдері қатысты. Кездесу барысында аудандық партия филиалының сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді, алдағы маңызды саяси науқанға атсалысуға шақырды.

0
0
171

Үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

Шара барысында уміткер "Nur Оtan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, оның ішінде өнеркәсіпті дамыту бөліміне тоқталды. Өңдеу өнеркәсібін әрі қарай дамыту, 2021-2025 жылдар аралығында кем дегенде 3 инвестициялық жобаны жүзеге асыру: 2021 жылы Қамысқала ауылында тоқыма бұйымдарын өндіру цехын ашу, 2022 жылы Аққыстауда баспа, жарнама өнімдерін шығару орталығын ашу, 2025 жылы Аққыстауда тәулігіне 150 тас шығаратын шағын цехын ашу жоспарланып отырғанын айтты. Сонымен қатар, еліміздегі беделді партия- "Nur Оtan" партиясына дауыс беруге шақырды.

0
0
130

Қабылдауда болған азаматтарға кандидаттар тарапынан кеңестер беріліп, орындалуы бақылауға алынды.

2020 жылдың 14 желтоқсан күні   «Nur Otan» партиясы Іле аудандық  филиалының сайлауалды штабының қабылдау бөлмесінде барлық деңгейдегі мәслихат депуттаттығына үміткерлердің – Р.Абилова, Г.Ажолтаева, М.Жұмағұлов ауыл тұрғындарын қабылдауы  өтті. Қабылдауда болған жастар өкілі Г.Жұманиязова ипотекалық үй алу тәртібі жайлы кеңес сұраса, Өтеген батыр ауылының  тұрғыны А.Агисов  мемлекеттік бағдарлама бойынша кәсіп ашуға грант алу жайлы сұрақтар қойды.Қабылдауда болған азаматтарға кандидаттар тарапынан кеңестер беріліп, орындалуы бақылауға алынды.

0
0
167