Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

"Nur Оtan" партиясы Исатай аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттар С.Шарапиден, Ж.Кулгалиев, Қ.Көшәлиев және Исатай аудандық сайлауалды штабының төрағасы А.Бекішұлы "Жайықмұнайгаз" бастауыш партия ұйымында болып, мұнайшылармен кездесу өткізді. Шара барысында "Nur Оtan" партиясы Исатай ауданы бойынша алдағы 5 жылдық сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Оның ішінде аудан бойынша экологиялық жағдайды жақсарту мәселелеріне тоқталды. Елді мекендерде кәсіпкерлердің сұрыпталған қатты тұрмыстық қалдықтарды қабылдау пункттерін ашуына жәрдемдесуге, 2021-2023 жылдары Аққыстау, Тұщықұдық, Қамысқала, Жанбай ауылдық округтерін көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге, 2021 жылы Аққыстау ауылындағы полигонда қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау алаңын жасақтауға жоспарланы туралы айтылды. Сонымен қатар, нақты істер партиясы- "Nur Оtan" партиясын қолдауға шақырды.

0
0
134

Осы тақырып бойынша

Үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда - Yvision.kz