Мазмұнға өту

Жаңа

Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!

Кездесу барысында уміткер "Nur Otan" партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Оның ішінде жастарды жұмыспен және тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерін қозғады. Жылына шамамен 5 мың адамды қамтитын «Алғашқы жұмыс орны» жобасы іске қосылуы, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылға келген жас мамандарға тұрғын үй сатып алуға кредиттер берілу, өңірлер деңгейінде жас отбасылардың тұрғын үй проблемаларын шешу бойынша қосымша бағдарламалар әзірленеді деп жоспарланып отырғанын айтты. Сөз соңында, уміткер еліміздегі беделді партия- "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.

0
0
154

Жармыш ауылының ардагер ұстазы Алдақова Қымбат Досжанқызына Сәуле Бусахановамен бірге барып кездесіп

Жармыш ауылының ардагер ұстазы Алдақова Қымбат Досжанқызына Сәуле Бусахановамен бірге барып кездесіп, "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырдым және алдағы сайлау науқанына шақырдым. Қымбат апай елдің жағдайын айта келе, ауылға жоғары білімді дәрігер керектігін, аналар кеңесінің жұмысын жандандыру, болашақта ауыл әкімінің жергілікті жердің тумасы болғанын қалайтынын айтып өтіп, алдағы сайлауға сәттілік тіледі.

0
0
169

Үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

"Nur Оtan" партиясы Исатай аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттар С.Шарапиден, Ж.Кулгалиев, Қ.Көшәлиев және Исатай аудандық сайлауалды штабының төрағасы А.Бекішұлы "Жайықмұнайгаз" бастауыш партия ұйымында болып, мұнайшылармен кездесу өткізді. Шара барысында "Nur Оtan" партиясы Исатай ауданы бойынша алдағы 5 жылдық сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Оның ішінде аудан бойынша экологиялық жағдайды жақсарту мәселелеріне тоқталды. Елді мекендерде кәсіпкерлердің сұрыпталған қатты тұрмыстық қалдықтарды қабылдау пункттерін ашуына жәрдемдесуге, 2021-2023 жылдары Аққыстау, Тұщықұдық, Қамысқала, Жанбай ауылдық округтерін көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге, 2021 жылы Аққыстау ауылындағы полигонда қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау алаңын жасақтауға жоспарланы туралы айтылды. Сонымен қат…

0
0
152

"Адалдық алаңы Маңғыстау аудандық" жобалық кеңсесінің мүшелері

"Адалдық алаңы Маңғыстау аудандық" жобалық кеңсесінің мүшелері және "Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалы өкілдерінен құрылған мобильді топ дәріханалардағы дәрі-дәрмек қорының жеткіліктілігі мен бағаның тұрақтылығына мониторинг жүргізді.Нәтижесінде аудан дәріханаларында дәрі - дәрмек қоры жеткілікті және баға тұрақты екендігі анықталды

0
0
147

«ZOOM» платформасы арқылы онлайн кездесу өтті.

«ZOOM» платформасы арқылы онлайн кездесуге облыстық, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер, денсаулық сақтау саласының өкілдері қатысты. Кездесу барысында аудандық партия филиалының сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді, алдағы маңызды саяси науқанға атсалысуға шақырды.

0
0
150

Үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

Шара барысында уміткер "Nur Оtan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, оның ішінде өнеркәсіпті дамыту бөліміне тоқталды. Өңдеу өнеркәсібін әрі қарай дамыту, 2021-2025 жылдар аралығында кем дегенде 3 инвестициялық жобаны жүзеге асыру: 2021 жылы Қамысқала ауылында тоқыма бұйымдарын өндіру цехын ашу, 2022 жылы Аққыстауда баспа, жарнама өнімдерін шығару орталығын ашу, 2025 жылы Аққыстауда тәулігіне 150 тас шығаратын шағын цехын ашу жоспарланып отырғанын айтты. Сонымен қатар, еліміздегі беделді партия- "Nur Оtan" партиясына дауыс беруге шақырды.

0
0
108

Қабылдауда болған азаматтарға кандидаттар тарапынан кеңестер беріліп, орындалуы бақылауға алынды.

2020 жылдың 14 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалының сайлауалды штабының қабылдау бөлмесінде барлық деңгейдегі мәслихат депуттаттығына үміткерлердің – Р.Абилова, Г.Ажолтаева, М.Жұмағұлов ауыл тұрғындарын қабылдауы өтті. Қабылдауда болған жастар өкілі Г.Жұманиязова ипотекалық үй алу тәртібі жайлы кеңес сұраса, Өтеген батыр ауылының тұрғыны А.Агисов мемлекеттік бағдарлама бойынша кәсіп ашуға грант алу жайлы сұрақтар қойды.Қабылдауда болған азаматтарға кандидаттар тарапынан кеңестер беріліп, орындалуы бақылауға алынды.

0
0
146

Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізілді

Шара барысында сайлаушылармен кездесіп, "Nur Otan" партиясының Исатай ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, үгіт-баспа материалдарын таратты. Сондай-ақ, алдағы жылы болатын сайлауда "Nur Оtan" партиясын қолдауға шақырды.

0
0
131

"Nur Otanмен" бірге жарқын болашаққа жол тарт!

Халықтың сеніміне ие "Nur Otan" партиясының басты мақсаты - халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үздіксіз жақсарту үшін жағдай жасау.

Тұрғындардың үмітін ақтау, халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын ретінде әрекет ету мақсатында барлық қажетті шараларды жүзеге асыратын болады.

0
0
147

Қоғамдық қабылдау

Қабылдау барысында бірінші кезекте сөз алған С.Аубекеров аудан тұрғындарына "Nur Оtan" партиясы алдағы 5 жылғы сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Оның ішіндегі ауыл шаруашылығына жасалатын жағдайларға тоқталды. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудандағы азық-түлік сақтау қоймаларының санын 2025 жылға 3-ке жеткізу , ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы алаңын 60 гектарға дейін кеңейту есебінен және мал басының өсуі есебінен, оның ішінде, ірі қара мал басы– 25 мың басқа, жылқы –22 мың басқа, түйе – 9 мың басқа өсуі арқылы ауыл шаруашылығы өнімін шығаруды ұлғайту көзделіп отырғанын айтты. Екінші кезекте сөз алған Қ.Зайнова аудандағы білім саласы жөнінде сөз өрбітті. 2023-2024 жылдары Аққыстау ауылынан 250 орындық өнер мектебі мен Х.Ерғалиев ауылынан саз мектебі құрылысын…

0
0
167