Мазмұнға өту

Жаңа

"Jas Otan" жастар қанатының ЖҚФ белсенділері "Бірлігі жарасқан - Қазақстан" атты акция ұйымдастырды.

Аталған акцияға облыстық мәслихатқа үміткер Берекетов Бердіғали Мұханбетқалиұлы қатысты.

"Jas Otan" жастар қанатының ЖҚФ белсенділері "Бірлігі жарасқан - Қазақстан" атты акция ұйымдастырды.

Аталған акцияға облыстық мәслихатқа үміткер Берекетов Бердіғали Мұханбетқалиұлы қатысты.

Тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін де, елімізді жаңа белестерге жетелейтін де біздің ауызбіршілігіміз, татулығымыз. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы артпақ. Халқымызға – ынтымақ, елімізге – молшылық, әр шаңыраққа – бақыт пен шаттық тілейміз!

Бірлігі, ынтымағы жарасқан,

Тәуелсіз елім - Қазақстан!

0
0
151

"Есіктен есікке"

Құрметті оқырмандарым, 10 қаңтарда өтетін сайлауға байланысты "Есіктен есікке" акциясы аясында бүгін Ащыбұлақ ауылдық округіне қарасты Жәпек батыр ауылы тұрғындарын бүгінгі мерекемен құттықтап, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырдым. Жүрекжарды лебіздерін жолдап, қадамыма сәттілік тілеп жатқан баршаңызға алғыс білдіремін!📷📷

0
0
144

С.Сейфуллин, Талдыбұлақ ауылдарында тұрғындармен агитациялық кездесулер өткізілді

"NurOtan" партиясының Жаңаарқа аудандық сайлауалды штабы С.Сейфуллин, Талдыбұлақ ауылдарында тұрғындармен агитациялық кездесулер өткізді.

Партия кандидаттары Ө.Уалиев, Қ.А.Имантүсіпов, О.Молдабаев, Б.Жарылғапов, Е.Түсіпов партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын түсіндірді.

Кандидаттар аудандық агроөнеркәсіптік сектордың тұрақты жұмысының арқасында пандемия жағдайында аймақ, экономикадағы шығындар мен жұмысшылардың жаппай босатылуына жол бермегендігін, және ауданның әлеуеті мен артықшылықтарын халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, қайта өңдеу және сауда кәсіпорындарын дамыту, сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін пайдалану қажеттігін айтты.

Кездесу соңында кандидаттар тұрғындарды 2020 жылғы 10 қаңтар күні сайлау учаскелеріне келіп, "NurOtan" партиясына дауыс беруге шақырды.

0
0
114