Маңғыстау аудандық маслихат депутаттығына кандидат Дүйсенбеков Сәндібек Талпақұлы
Маңғыстау аудандық маслихат депутаттығына кандидат Дүйсенбеков Сәндібек Талпақұлы мен Ещанов Ерболат Мырзагелдіұлы қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауда: ауылдық жерлерде ардагерлер үйі, тұрақты емделетін ауруханалар мәселесі, Тұщықұдық ауылында «Нұрай» балабақшасына, спорт кешендеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу сонымен қатар ауылдық жерлердегі жем, шөп мәселесі, Жыңғылды ауылындағы интернет желісінің төмендігі және ауылдық жерлердегі су мәселесі (ауыз су, жер асты сулары) жөніндегі мәселелер бойынша сұрақтар қойылды. Бұл айтылған мәселелер «Nur Otan» партиясы Маңғыстау ауданы бойынша САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫНДА қарастырылған.
