Мазмұнға өту

Жаңа

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Премьер-Министр Асқар Мамин еліміздің санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы мен әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері жайында есеп берді.

Толығырақ: 📷 http://www.akorda.kz/.../memleket-basshysy-premer-ministr...

0
0
100

Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Жиын барысында Мемлекеттер басшылары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясындағы көпжақты ықпалдастық, ТМД-ны одан әрі дамыту тұжырымдамасы және оны іске асыру жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспары жайында пікір алмасты. Сондай-ақ ТМД елдері Парламентаралық ынтымақтастықты арттыру және нығайту мәселесі талқыланды.

Толығырақ: 📷 http://www.akorda.kz/.../kasym-zhomart-tokaev-tmd...

0
0
139

"Пойма май комбинаты" ЖШС қызметкерлерiмен кездесу

ҚР Парламент Мəжiлiсiне үмiткер Снежанна Имашева, облыстық мəслихат депутаттығына үмiткер Мұрат Джакибаев, "Nur Оtan" партиясы Теректi аудандық филиалы тɵрағасының бiрiншi орынбасары Мирхат Ибраев жəне Теректi аудандық мəслихат депутаттығына үмiткер Сержан Идиятов Пойма ауылындағы "Пойма май комбинаты" ЖШС қызметкерлерiмен кездестi.Жиында партияның сайлауалды бағдарламасы толық таныстырылып, үгiт-насихат қағаздары таратылды.Зауыт қызметкерлерi ɵздерiн толғандырған сұрақтарына жауап алды.Ɵндiрiлген май ɵнiмдерiн Қытай, Тəжiкстан, Ресей, Ɵзбекстан мемлекеттерiне экспорттап жүрген Теректi ауданындағы iрi мекемелердiң қатарындағы зауыттың тыныс-тiршiлiгiмен танысқан Снежанна Валерьевна қызметкерлерге сəттiлiк тiлеп, 2021 жылдың 10 қаңтарында ɵтетiн сайлауда "Nur Оtan" партиясына дауыс беруге…

2
0
288

ҚР Парламент Мəжiлiсiне үмiткер Снежанна Имашева Теректi ауданына келіп тұрғындарымен жүздестi.

Аудандық мəдениет үйiнде ɵткен кездесуде Снежанна Валерьевна, "Nur Оtan" партиясы Теректi аудандық филиалы тɵрағасының бiрiншi орынбасары Мирхат Ибраев, Теректi аудандық мəслихат депутаттығына үмiткер Сержан Идиятов партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.Ɵз сɵзiнде Снежанна Валерьевна мұғалiмдер мен мемлекеттiк ауруханаларда жасайтын дəрiгерлердiң жалақысын арттыру; ауыл мен қала мектептерiнде бiлiм дəрежесiн бiрыңғай ету; студенттердiң стипендиясын кɵбейту; елiмiздегi ғалымдарға қолдау кɵрсету; жолдарды күрделi жɵндеуден ɵткiзу; қаладан шалғай орналасқан ауылдарды кɵгiлдiр отын жəне таза ауыз сумен қамтамасыз ету; əйелдердi қолдау; ауылдарда интернет байланысын дамыту, т.б. сайлауалды бағдарламада қарастырылған бағыттарға кеңiнен тоқталып, талқылады.Жиында Мирхат Мақсотұлы мен С…

2
0
194

Аудандық мəслихат депутаттығына үмiткерлер "Бисен" шаруа қожалығының қызметкерлерiмен кездестi.

Жиында "Nur Оtan" партиясының бағдарламалары арқасында Приречный ауылдық округiнде атқарылған iстер баяндалды. Атап айтсақ, таяуда таза ауыз су мен кɵгiлдiр отынның кiргiзiлуi, мектеп пен мəдениет үйiнiң күрделi жɵндеуден ɵткенi айтылды.

Тұрғындар қазiргi жағдайларының жақсы екенiн жеткiзiп, жол мəселесiнiң шешiлуiн сұрады.

Жиында Теректi аудандық мəслихат депутаттығына үмiткерлер "Бисен" шаруа қожалығымен, қызметкерлерiнiң тыныс-тiршiлiгiмен танысып, қойылған сауалдарына жауап берді.

Жүздесуде сайлау күнi, "Nur Оtan" партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.

Жиын соңында үмiткерлер Приречный ауылының тұрғындарын партияны қолдауға шақырды.

2
0
131

Облыстық мəслихат депутаттығына үмiткерлер Ақсуат ауылының тұрғындарымен кездестi.

Жиында 2021 жылы 10 қаңтарда ɵтетiн сайлаудың ерекшелiгi, "Nur Оtan" партиясының сайлауалды бағдарламасы, Теректi ауданында алдағы 5 жылда атқарылатын iс-шаралар айтылды.

Ақсуаттық тұрғындар Пойма ауылына су ɵткiзу, кɵпбалалы отбасыларды тұрғын үйге кезекке тұрғызу сынды толғандырып жүрген мəселелерi бойынша сұрақтарын қойып, жауап алды.

Кездесу соңында облыстық мəслихат депутаттығына үмiткерлер сайлауда "Nur Оtan" партиясын қолдауға шақырды.

Iс-шара аяқталған соң үмiткерлер "Есiктен есiкке" акциясы аясында Ақсуат ауылын аралап, тұрғындармен кездесiп, үгiт-насихат жұмыстарын жүргiздi.

2
0
158

Облыстық мəслихат депутаттығына үмiткерлері еңбек ардагерлерімен кездестi.

Кездесу барысында депутаттыққа үмiткерлер партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Жиында Федоровка ауылының азаматтары жоғары оқу орындарында қашықтан бiлiм алып жатқан студенттердiң оқуларының ақысын азайту, жоғары оқу орындарын бiтiрген жастарды жұмысқа орналастыру, азық-түлiк бағасының қымбаттауы, жемқорлықпен күресу, фермерлерге жол ашу, ауданымыздағы кейбiр ауылдардың ауызша атауларын қазақшалау, мал шаруашылығын дамыту жəне т.б. мəселелердi кɵтерiп, сұрақтарына жауап алды.

Облыстық мəслихат депутаттығына үмiткерлер жерлестерiнiң ұсыныстарын жазып алып, түйiткiлдi мəселелердiң оңынан шешiлуiне ықпал ететiндерiн айтты.

Жиын соңында 2021 жылдың 10 қаңтарында ɵтетiн сайлауда "Nur Оtan" партиясын қолдауға шақырды.

1
0
145

"Үмiткерге сұрақ қой"

"Nur Оtan" партиясы Теректi аудандық филиалы сайлауалды штабының "Үмiткерге сұрақ қой" тақырыбында тiкелей эфирi.

.Тiкелей эфир қонағы - Теректi аудандық мəслихат депутаттығына үмiткер, "Теректi" шаруа қожалығының басшысы, меценат, "Жомарт жүрек - 2019" премиясының иегерiСержан Идиятов

Тiкелей эфир барысында Сержан Серiкұлы ɵзiнiң жобалары жəне жоспарларымен бɵлiстi.

0
0
144

Тұрғындарымен жүздесу

Теректi аудандық мəслихат депутаттығына үмiткерлер – Мирхат Ибраев, Əлжан Нұрғалиев жəне Сержан Идиятов Долин ауылдық округiне қарасты Тɵңкерiс ауылының тұрғындарымен жүздестi.

Кездесуде партияның Теректi ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасы түсiндiрiлдi. Депутаттыққа үмiткерлер сайлауалды бағдарламада бекiтiлген 7 бағыттың əрқайсысына жеке тоқталып, ауданымыздың кɵркеюi мен дамуы жолында партияның атқаратын жұмыстары жɵнiнде мағлұмат бердi.

Тɵңкерiс ауылы тұрғындары ауылға мобильді байланыс жеткізілгенін, бірақ қызметі нашар екенін айтып, мәселенің шешілуіне қолдау көрсетуді сұрады.

Тұрғындарды толғандыратын мəселелердi тыңдаған Мирхат Мақсотұлы, Əлжан Жақсыгерейұлы жəне Сержан Серiкұлы сайлауда "Nur Оtan" партиясына дауыс беруге шақырды.

1
0
124

"Махорин" шаруа қожалығының қызметкерлерiмен экспромт-кездесу

Теректi аудандық мəслихат депутаттығына үмiткерлер – Мирхат Ибраев, Əлжан Нұрғалиев жəне Сержан Идиятов Долин ауылдық округiндегi "Махорин" шаруа қожалығының қызметкерлерiмен экспромт-кездесу ɵткiздi.

Жиында партияның сайлауалды бағдарламасы талқыланып, кəсiпкерлiктi дамыту, аудан халқының əл-ауқатын арттыру бойынша жоспарлар баяндалды.

Долин ауылдық округі Шөптыкөл ауылында орналасқан қожалық қызметкерлері ауылдағы ауыз су тапшылығы туралы айтып, мәселенің шешілуін сұрады. Кандидаттар бұл мәселе партияның Теректі ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасында қарастырылғанын туралы айтып, оң шешімін табатынын жеткізді.

Қожалық қызметкерлерi елдiң қамы үшiн аянбай қызмет етiп жүрген азаматтарға сəттiлiк тiледi.

1
0
187