Ақтауда 3 шырша жанды
Шыршалардың бірінің биіктігі - 15 метр, қалған екеуі - 13 метр.
Айта кетейік, биыл пандемияға байланысты қаланы безендіруге қаражат бөлінген жоқ. Мерекелік декорацияға былтырғы шыршалар мен безендіруге арналған жылтырақтар, диодты элементтер, жарықтандыру құрылғылары қолданылды.
Үнемделген қаражатты әлеуметтік маңызы бар, халыққа аса қажетті, басым бағыттарға жұмсау жоспарланды.
Сондай-ақ, қала әкімдігі кәсіпкерлердің демеушілігі есебінен де қаланы безендіруде.
