Ақтауда қар тазалау жұмыстарына 150 жұмысшы жұмылдырылады
Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай коммуналдық мекеменің қысқы дайындық жұмыстарын тексерді.
2020 жылдың 1 қарашасынан бастап, қысқы қар тазалау жұмыстарына кезекшілік кестесі бекітіліп, жауапты қызметкерлер жұмыстарын жүргізуде.
Күндізгі және түнгі кезекшілікке шығатын жұмысшыларға демалыс бөлмесі, тамақтану, жатын бөлмесі дайындалды.
Көктайғақ алдын-алу және жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында ең алдымен, автомобиль жолдарына (подъем, спуск), Ақтау-Әуежай тас жолы, балабақша, мектеп маңы, аурухана және т.б жолдарға құм мен тұз қоспасы себіледі. 2019 жылы автомобиль жолдарына 1000 м3 құм және 200 тонна тұз аралас қоспасы алынды.
"2020 жылы қысқы жұмыстары бойынша көктайғақ алдын-алу мақсатында 400 тонна тұз және 1500 м3 құм алынды. Қазіргі уақытта жолдарға 362 тонна тұз және 1228 м3 құм қалды. Ауа-райы өзгерген жағдайда күндізгі аусымда 150 жұмысшы, түнгі кезекшілікке 25 жұмысшы, 7 пескоразбрасыватель ( 4 Маз пескотряс, 2 трактор пескотряс, 1 зил пескотряс), 1 бойлер автокөлігі, 1 автогрейдер, 3 погрузчик, 5 газель көлігі, 11 мотопомпа жұмылдырылады",-деді "Қала жолдары" ЖШС Директорының орынбасары Бауыржан Утеулинов.
Сонымен қатар, барлық учаске жұмысшылары қысқы және жаңбыр кезінде киетін арнайы киімдермен қамтамасыз етілді.
"Жанұя" орталығындағы көпбалалы аналар жұмысшылардың киімдерін тігумен айналысты.
2020 жылдың 1 қырқүйек күні "Қала жолдары" ЖШС Ақтау қаласының әкімдігіне қайтарылғаннан кейін, "Қала жолдары" ЖШС-нің автобазасында тұрған барлық жөндеуде тұрған техникаларға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жоспар бойынша жұмыстарын атқаруда. Соның ішінде, 2 маз пескотряс, 1 зил пескотряс техникаларына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 8 мотопомпаға шланг (пожарные рукава) алынды.
Сондай-ақ, 2 дана отбойный молоток, 50 дана мұз шабатын балға жаңадан алынып, жұмысшыларға берілді.
Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі
