"Бұл құрылыстың үлескерлік қатысу арқылы қаражат тартуға рұқсаты жоқ".
Осы арқылы Ақтау қалалық әкімдігі тұрғындарға қаражат саларда мұқият болуды сұрайды және компанияның рұқсат қағазы болмаған жағдайда баспана сатып алуға кеңес бермейді.
Естеріңізге сала кетейік, тиісті рұқсатсыз үлескерлерден қаражат тартуға Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" заңымен тыйым салынған. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 320-бабына сәйкес жауапкершілік қарастырылған.
Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі
