Жаңа
Nur Otan: облыс медицинасын дамытуды басымдыққа қойды
Кездесу барысында өңірдегі денсаулық сақтау саласы, қазіргі пандемия кезінде дәрігерлердің біліктілігін арттыру және медициналық мекемелердің қажетті құрал-жабдықпен жабдықталуы сияқты өзекті мәселелер талқыланып, екі жақты пікірлер ортаға салынды. «Nur Otan» партиясының алдағы бес жылға арналған бағдарламасы ел медицинасын дамыту барысын жаңа арнаға қойып, көрсеткіштерді арттыруға арналып отыр. Осы ретте аймақтағы медицина дамуы мен дәрігерлердің әлеуетін арттыру да алдыңғы қатарда.– Елімізде коронавирус індеті таралған кезден бастап дәрігерлеріміз барлық күш-жігерін аталмыш індетпен күресуге арнады. Квалификалық бейімделу, науқастарды емдеу, провизорлардағы тәулік бойы кезекшілік ақ халатты жандардың ауыр да жауапты қызметтерінің бейнесін айқындай түсті. Бүгін, еліміздің басты партиясы…
«Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!»
Мәслихат депутаттығына үміткер А.Қ.Чиликбаевтың халықпен үгіт-насихат кездесуі
Член городского предвыборного штабаҚұндызайДаулетбаева
Тасбөгет кентінде келелі кездесу өтті
Қызылорда қаласының мәслихат депутаттығына кандидаттар Тасбөгет кентінің тұрғындарымен кездесіп, кент тұрғындарына өзекті болған бірнеше мәселені тыңдады.
Тұрғындар көтерген мәселелер қатарында жұмыссыздық пен сұранысқа ие сала бойынша маман тапшылығы сөз болды. Сонымен бірге, интернет желісінің қолжетімділігі де талқыға түсті.
Кездесуге қатысқан кандидаттар Ли Илларион Гукхенович, Каримова Бейбиткул Сарсемханқызы, Мұсаева Гүлшат Исақызы әр тұрғынның пікірін назарға алып, партия бойынша қалаға қарасты кенттер мен ауылдардың дамуына қатысты біршама жоспарларымен бөлісті.
Бүгін Қарақия кәсіптік колледжінде ауыл тұрғындарымен келелі кездесу өтті.
Қарақиядағы ауданындағы сапарымда Кәсіптік колледждің де тыныс-тіршілімен танысып келдім.
Үміткерлер Ақжарма ауылдық округіне барды
Ақжарма ауылдық округінің Баймұрат батыр ауылында Қызылорда қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар Алдашбаев Сәкен Мінуарұлы, Изден Анар Жарылқасынқызы, Нұртазаев Ерлан Бақытұлы ауыл тұрғындарымен кездесіп сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Кездесуге қатысушылар тарапынан ауылдағы жұмыссыздық деңгейін азайту, амбулаториялық лаборатория салып, көгілдір отынмен қамтамасыз ету секілді мәселелер сөз болды.
Әрбір көтерілген мәселені тыңдаған кандидаттар қала іргесіндегі ауылдық округтердің дамуына бағдарламада басымдық берілгенін атап өтті. Осы негізде үміткерлер ауыл тұрғындарының да қолдауы маңызды деген пікірлерін жеткізді.