Ардагерлермен бағдарламаны таныстыру мақсатында кездесулер өткізіп, сұхбаттасу жүргіздік.
Сайлау алдында қаламыздың гүлденуі үшін еңбек етіп, тер төккен ардагерлермен бағдарламаны таныстыру мақсатында кездесулер өткізіп, сұхбаттасу жүргіздік. Сол кездесудің бірі 24 желтоқсан күні "Nur Otan" партиясынан қалалық мәслихатқа депутаттыққа үміткерлер Г.С.Дюсупова, Қ.Джаумбаев, С.Е.Шораев,, И.Қонысбаевтар болып, Атырау қаласының құрметті еңбек ардагері Мәдина Габдусалимова апамызбен өтті. Апаймен амандық саулық сұрасып алғаннан кейін өзіміздің сайлауалды бағдарламаларымызбен таныстыра отырып, Мәдина сынды апаларымыздың салған сара жолын жалғастыру мақсатында апайдың ақыл-кеңестеріне құлақ салдық.Әңгіме барысында Мәдина апамыз Мәскеу қаласында жоғарғы партия мектебінде жүрген кезде мемлекеттік қызметкерлермен бірге Н.Ә.Назарбаевпен кездескендерін, сол кездесудегі фотосуреттер кітап бе…
