Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan»: Бұқаралық спортты дамытуға қолайлы жағдай жасаймыз

Нұрсұлтан Балабиев сайысқа жиналған азаматтарға, спортшылар мен жастарға Елбасымыз, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұлт денсаулығын мемлекетіміздің басты байлығына балайтындығын жеткізді. Спорт саласының мән-маңызы туралы Елбасы: «Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала»,-деген болатын. Расында да, спорт – халықаралық аренада кез-келген мемлекетті танытып, оның имиджін қалыптастыратын, халықтарды топтастыратын, рухын көтеретін қуатты құрал. Осы тұрғыда Елбасымыз өзінің бағдарламалық құжаттарында 2020 жылға дейін Қазақстан халқының отыз пайызын бұқаралық спортқа тарту міндетін белгілеген болатын. Міне, қазіргі таңда спорттың жоғары деңгейде дамығандығының көрінісін барлығымыз көріп, куә болып отырмыз. Қазіргі таңда біз әлемді өз жеңістерімен дүр сілкіндіріп, Қазақстанның көк байрағын биіктен желбіретіп, әнұранымызды әлемге шырқатып отырған әйгілі спортшыларымызды мақтаныш тұтамыз.

Бүгінде спорттық ойындардың түрлері өте көп және спортпен шұғылданамын деген адамдарға елімізде барлық жағдайлар жасалуда.

Қазір қала халқы санының тұрақты өсуіне байланысты, спорт нысандарының жетіспеушілігі туындауда. Нұрсұлтан Балабиев осы мәселе бойынша жиналған қауымға «Nur Otan» партиясының Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарының бірі болып табылатын спортты дамыту және тұрғындарды барынша спортқа баулу жөнінде алдағы 5 жыл ішінде атқарылатын нақты істермен таныстырды.

0
0
206

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan»: Бұқаралық спортты дамытуға қолайлы жағдай жасаймыз - Yvision.kz