Бүгінгі кездесу "City med" ортопедия медицина орталығында өтті.
Nur Otan партиясының сайлау алды бағдарламасында айтылып өткендей, медицина саласында көптеген мәселелерді шешу оң жолға қойылмақ.
Жаңа мамандарды даярлау, оқуды халықаралық стандартқа сай өткізу, медицина қызметкерлерін оның ішінде балалар дәрігерлерін қоса алғанда нақты салаға бейімделген қызметкерлерді даярлауға арналған гранттар санын арттыру партия мақсаты. Сондай-ақ, медицина саласында қызмет атқарып жүрген азаматтардың жалақысын арттыру туралы да партияның бағдарламасында бекітілген.
Шара соңында ел денсаулығы жолында аянбай еңбек етіп жүрген азаматтар Nur Otan-ды қолдайтындарын жеткізді!
#nurotan
