«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша насихат жұмыстары жалғасуда
«Nur Otan» партиясы жаңа өндіріс орындарының ашылуына және лайықты жалақысы бар тұрақты жұмыс орындарының көбеюіне күш салатынын айта отырып, жұмысшылар тарапынан қандай сұрақтар туындайтынын сұрады. Сонымен қатар, қазіргі танда Шымкентте жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құрайды. Алдағы 5 жылдықта осы көрсеткішті 4,9 пайызға дейін төмендетуді жоспарлап отырғанымызды және осы мақсатта «Nur Otan» партиясының жетекшілігімен орындалатын міндеттерді де айта өтті. Яғни, 5 жылда аймақта 80 мың тұрақты жаңа жұмыс орны ашылады. Нәтижесінде қалада әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімінің бағасына инфляция үдерісін 6-8% аралығында ұстап тұруға мүмкіндік болатыны жөнінде түсіндіріп өтті.
Кездесу соңында жұмысшылар өздерінің партия туралы ойларын айтып өтті. Халық бір партияны ғана, Nur Otan-ды ғана біледі. Nur Otan шынайы халық партиясы. Халық көмек сұрап, кейде әділдік іздеп те осы Nur Otan-ға келеді, себебі, партияның есігі халық үшін күні-түні ашық екенін айтып, Nur Otan-ға дауыс беретінін жеткізді.
