Мазмұнға өту

Жаңа

«Есіктен-есікке» акциясы жалғасуда

«Есіктен есікке» акциясы аясында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасымен кеңінен таныстырып, алдағы маңызды саяси науқанға атсалысуға шақырды.

0
0
122

Жедел кездесу өтті. Халыққа қызмет көрсету орталығында өз жалғасын тапты.

Жедел кездесу өтті. Бүгінгі кездесу аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында өз жалғасын тапты. ҚР Парламент Мəжілісі депутаттығына кандидат Өсербаев Сұлтан Мықтыбекұлы жəне аудандық мəслихат депутаттығына кандидаттар Б.Бабасов, М.Мейманханов, Н.Быкыбаев қызмет орталығы қызметкерлерімен жəне келушілермен партия сайлауалды бағдарламасы аясында ой бөлісіп, əңгімелесті. Кейбір сайлаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

0
0
157

Еңбек ұжымында болды.

Еңбек ұжымында болды. Үгіт - насихат жұмысы кез келген сайлаудағы маңызды кезең болып табылады. Бүгін ауданымызда үгіт насихат жұмыс сапарымен жүрген ҚР Парламент Мəжілісі депутаттығына кандидат Өсербаев Сұлтан Мықтыбекұлы жəне аудандық мəслихат депутаттығына кандидаттар М.Мейманханов, Б.Бабасов " Релсь дəнекерлеу компаниясы" ЖШС - де болып, еңбек ұжымының тыныс тіршілігімен танысты. Сапар барысында сайлау науқанында партияның атқарып жатқан жұмыстарын айта келе, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. "Темір жол - еліміздің күре тамыры " екендігіне тоқталып, қоғамдағы белсенді жəне өмірдегі алатын орнының маңыздылығын сөз етті. Еңбек ұжымы да кандидаттармен өз ойларымен пікір алысып, қолдауға сенім білдірді.

0
0
128

"Nur Otan" партиясының Үржар аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесі

Бүгін "Nur Otan" партиясының облыстық мәслихатының депутаттығына үміткер Абылқасымов Баубек Шайзаданұлы Үржар аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдап, өтініш,ұсыныстарын тыңдап, партияның сайлауалды бағдарламасымен де таныстырып өтті.

17
0
140

Қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар Ақтас кентінде «Есіктен есікке» акциясын өткізді.

2020 жылы 28 желтоқсанда қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар Ақтас кентіндегі жеке сектор тұрғындарының үйлерін аралап, «Есіктен есікке» акциясын өткізді. Акция барысында үгіт материалдарын таратып, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын түсіндірді.

Сондай-ақ, отбасының кәмелетке толған мүшелерін 2021 жылдың 10 қаңтарында азаматтық белсенділік танытып, мақсаты еліміздің дамуы мен гүлденуі болып табылатын «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Бүгінгі таңда қала тұрғындары «Nur Otan» партиясынан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде.

Біз Сіздердің сеніміңізді бағалаймыз және жақсы нәтижелерге бірге қол жеткізетінімізге сенімдіміз!

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
146

Колледж ұжымымен кездесу

Бүгін Nur Otan партиясының үгіт насихат жұмыстарын жалғастыру мақсатында Сырым аудандық штап мүшелері кандидаттыққа үміткер Дарғожиев Талғат, Ойшыбаева Айнагүл және облыстық маслихатқа үміткер Нурмуханов Ғаниматтың сенім білдірген өкілі ардагер ұстаз Батыршин Ахмет аудандық колледждің ұжымымен кездесіп қайтты. Кездесу барысында Талғат Мұратұлы паритяның сайлауалды бағдарламаларын таныстырды. Сайлаудағы өзгешеліктер мен бағдарламалардың орындалу барысын жіті түсіндіріп өтті. Колледждің басшысы Санат Дәленұлы келген қонақтарына өз алғысын білдіріп, ұжымының сайлауға бір кісідей қатысатынына сенім білдірді. Колледждегі педагогтардың қозғап жүрген жатақхана мәселесінің оң шешімін табуға сәтін салсын деп тілейміз.

0
0
132

ПБК төрағасы Жаяубаев Жанбол Қарымсақұлы Саран қаласының дүкендерін аралап, партиялық бақылау жасады

2020 жылы 28 желтоқсанда партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Жаяубаев Жанбол Қарымсақұлы Саран қаласының дүкендерін аралап, партиялық бақылау жасады.

Тауарлардың тұрақты бағасының сақталуы және сақтық шараларын бақылау мақсатында дүкенге келген азаматтарға бетперде тағу керектігін және медициналық қолғап киіп жүру қажеттігін түсіндіріп, дүкен ішінде антисептикалық заттардың тұрғанына да мониторинг жасады және қала тұрғындарына сақтық шараларын ұстану керектігін айтты.

Рейд нәтижесінде карантин талаптарын бұзу фактілері, сондай-ақ, басқа да заңсыздықтар анықталған жоқ.

0
0
144