Мазмұнға өту

Жаңа

ПБК төрағасы Жаяубаев Жанбол Қарымсақұлы Саран қаласының дүкендерін аралап, партиялық бақылау жасады

2020 жылы 28 желтоқсанда партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Жаяубаев Жанбол Қарымсақұлы Саран қаласының дүкендерін аралап, партиялық бақылау жасады.

Тауарлардың тұрақты бағасының сақталуы және сақтық шараларын бақылау мақсатында дүкенге келген азаматтарға бетперде тағу керектігін және медициналық қолғап киіп жүру қажеттігін түсіндіріп, дүкен ішінде антисептикалық заттардың тұрғанына да мониторинг жасады және қала тұрғындарына сақтық шараларын ұстану керектігін айтты.

Рейд нәтижесінде карантин талаптарын бұзу фактілері, сондай-ақ, басқа да заңсыздықтар анықталған жоқ.

0
0
144

Санитарлық нормалар мен маскалық режимді сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

"Nur Otan" партиясы Индер аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Карашина Алия Мұқанәліқызы кентіміздегі азық-түлік дүкендеріне санитарлық нормалар мен маскалық режимді сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

0
0
179

Есіктен есікке

Сарғозыұлы Отарбай ағай 1937 жылы дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық институтын аграном экономист мамандығы бойынша бітірген. Алғашқы еңбек жолында бұрынғы Абай совхозында бас экономист және бас агроном болып қызмет жасаған. Ауданның өсіп өркендеу жолын...

0
0
149

Облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидаттың сенімді өкілі «Дедов» БПҰ мүшелерімен онлайн-кездесу

2020 жылы 28 желтоқсанда облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидаттың сенімді өкілі «Дедов» бастауыш партия ұйымы мүшелерімен онлайн-кездесу өткізді. Сенімді өкіл ең алдымен қатысушыларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, «Дедов» ЖШС ұжымының қала экономикасын дамытуға қосып жатқан үлестерін атап өтті, алдағы жұмыстарына табыс тіледі. Содан соң оларды партияның сайлауалды бағдарламасымен және оның негізгі бағыттарымен таныстырды.Өз сөзінде «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасының басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл–ауқатын үздіксіз жақсарту үшін жағдай жасау. «Nur Otan» партиясы өзінің алдына әрбір жеке азаматтың әл-ауқатының артуына ықпал ететін экономика құру міндетін қойып отыр. Қала экономикасын тұрақты дамыту үшін бізге жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды…

0
0
111

«ZOOM» платформасы арқылы жастармен өткен онлайн кездесу

Бүгін, Алматы облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ж.Жазықпаева, Б.Абишев және Қарасай аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Қ.Айтжанов, С.Адильханов, А.Исаева, А.Балажанова, Б.Сүнбеков, Д.Төлеген Ж.Садуова, Б.Айнабеков, Е.Жақсыбаев, М.Бигельдиева, Ұ.Қапалбеков, Д.Нақысбеков аудан жастарымен онлайн форматта жолықты. Кездесу барысында аудандық партия филиалының сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді, сонымен қатар сайлаушылар тарапынан сұрақтар болды. Сайлауалды бағдарлама алға қойылған жоспар болғанмен, жоспар талаптың арқасында жүзеге асады. Сондықтан партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруда табандылық пен талаптылық керек екені атап айтылды. Үміткерлер кездесуге қатысқан жастарға алдағы маңызды саяси науқанға атсалысуға шақырды.