Мазмұнға өту

Жаңа

Қараспандағы Ақжол, Сарыарық елдімекендеріндегі суармалы су мәселесі шешімін табады

«Nur Otan» партиясының атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар: Бақтияр Тағаев пен Бақыткүл Тастанбекова «Байдәулет» шаруа қожалығында жұмысшыларымен Экспромт-кездесуін өткізді. Үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасын жан-жақты түсіндіріп өтті. Ерікті жастар тарапынан үгіт-насихат үнқағаздары таратылып берілді.  2021 жылдың І тоқсанына дейін Қараспан ауыл округінің Ақжол, Сарыарық елді мекендеріндегі егін суаратын суармалы су мәселесі шешімін табады. 2023 жылы Қараспан елді мекеніне ауыз су жүйесін тартуға ықпал етіледі. 2025 жылға дейін елді мекен газдандырылады 2021-2025 жылдар аралығында аудан бюджеті есебінен 8 бейнебақылау камералары, ал облыстық бюджет есебінен 15 бейнебақылау камералары орнатылады (оның ішінде Қараспан ауылы да енгізілген). Бұл жөнінде экспромт-ке…

0
0
152

ZOOM бағдарламасында онлайн форматта кездесу өткізілді

Кездесуде кандидаттар "Nur Оtan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырылып, сайлаушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, қойылған сауалдарына жауап берілді. Партияның сайлауалды бағдарламасында 2021 жылы «Ел іші – өнер кеніші» атты мәдениет пен өнер қызметкерлерінің аудандық форумын өткізуге, 2022 жылы «Бабалар ізімен» тақырыбында мәдени – тарихи өлкетану экспедициясын ұйымдастыруға, 2023 жылы «Нарын достық мекені» дәстүрлі ән орындаушылардың аймақтық фестивалін өткізуге, 2025 жылы Ұлы Абайдың 180 жылдығына арналған ақындар айтысын өткізуге жоспарланып отырғаны айтылды. Қорытындылай келе "Nur Оtan" партиясына дауыс беруге шақырылды.

0
0
139

Қоғамдық қабылдау жалғасуда

Қабылдау барысында кандидат "Nur Otan" партиясының алдағы 5 жыл бойынша сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Партия өзінің сайлауалды бағдарламасында ауданды дамытудың 7 басым бағытын анықтағаны жөнінде және ондағы басты мақсат – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үздіксіз жақсарту үшін жағдай жасау екендігін айтты. Сонымен қатар, дәрі-дәрмектер қорын тұрақты қамтамасыз ету және медициналық бұйымдар ИВЛ, КТ аппараттарымен қамтамасыз ету, қорғаныш құралдармен ауданның барлық емдеу-сауықтыру мекемелерінің қызметкерлерін қажетті қорғаныс құралдарының тұрақты қорымен қамтамасыз етуді қатаң бақылауда ұстау, 2021 жылы Тұщықұдық дәрігерлік амбулаториясын күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отырғанын айтты.Сөзін аяқтай келе, еліміздегі беделді партия - "Nur Оtan" партиясын қолдауға шақыр…

0
0
148

Нақты істер: қысқа да нұсқа

2021 жылдың 10 қаңтарында Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтеді. Бұл сайлау науқаны ел үшін қиын кезеңде өтіп жатыр. Әлемді шарпыған коронавирус пандемиясы жаңа қиындықтар туғызуда. Бірақ біз барлық сынақты бірге еңсеріп, жеңіске жететінімізге сенімдіміз!Жыл бойы жүргізілген «партияны қайта жандандыру» жұмыстары «Nur Otan»-ның мүшелерін жұмылдырып, азаматтардың мүддесі үшін атқарылып жатқан жұмысты күшейтуге мүмкіндік берді.Осы орайда сіздердің назарларыңызға партия жайында хабардар ететін роликті ұсынбақпыз. Бейнероликте партия қатарында кімдер бар, партиялықтар отандастары үшін не тындыруда, сайлауалды бағдарламасында партия не ұсынатындығы түсінікті түрде толық баяндалған.Ең алдымен, бүгінде «Nur Otan» – қоғам мен билік арасындағы нақты көпір. Партия мүшелерінің жалпы са…

0
0
181

"Есіктен есікке" акциясы жалғасуда

Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Аймағамбетов Тойлыбай Серикович және Бимембетова Гулфайруз үгіт насихат жұмыстарын жүргізді. Кандидаттар Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, Бесшоқы е.м және Басқұдық ауылында үйлерді аралап, халыққа «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, алдағы сайлауда дауыс беруге шақырды.

Халықты құлақтандыру жұмысы одан әрі жалғасын табады.

Кездесуде тұрғындар тарапынан түсіп жатырған ұсыныстар жинақталуда.

Өз кезегінде, тұрғындар Партияға деген қолдауын білдіріп, сайлауда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге тілектестігін білдірді.

Ерікті жастар үгіт насихат үнқағаздарын таратты.

#NurOtan

#JenimpazBol

#BizBirgemiz

#Tanday2021

0
0
188