Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қоғамдық қабылдау жалғасуда

Қабылдау барысында кандидат "Nur Otan" партиясының алдағы 5 жыл бойынша сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Партия өзінің сайлауалды бағдарламасында ауданды дамытудың 7 басым бағытын анықтағаны жөнінде және ондағы басты мақсат – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үздіксіз жақсарту үшін жағдай жасау екендігін айтты. Сонымен қатар, дәрі-дәрмектер қорын тұрақты қамтамасыз ету және медициналық бұйымдар ИВЛ, КТ аппараттарымен қамтамасыз ету, қорғаныш құралдармен ауданның барлық емдеу-сауықтыру мекемелерінің қызметкерлерін қажетті қорғаныс құралдарының тұрақты қорымен қамтамасыз етуді қатаң бақылауда ұстау, 2021 жылы Тұщықұдық дәрігерлік амбулаториясын күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отырғанын айтты.Сөзін аяқтай келе, еліміздегі беделді партия - "Nur Оtan" партиясын қолдауға шақырды. Қабылдауға филиал жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі О.Купбергенов қатысты.

0
0
119

Осы тақырып бойынша

Қоғамдық қабылдау жалғасуда - Yvision.kz