ZOOM бағдарламасында онлайн форматта кездесу өткізілді
Кездесуде кандидаттар "Nur Оtan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырылып, сайлаушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, қойылған сауалдарына жауап берілді. Партияның сайлауалды бағдарламасында 2021 жылы «Ел іші – өнер кеніші» атты мәдениет пен өнер қызметкерлерінің аудандық форумын өткізуге, 2022 жылы «Бабалар ізімен» тақырыбында мәдени – тарихи өлкетану экспедициясын ұйымдастыруға, 2023 жылы «Нарын достық мекені» дәстүрлі ән орындаушылардың аймақтық фестивалін өткізуге, 2025 жылы Ұлы Абайдың 180 жылдығына арналған ақындар айтысын өткізуге жоспарланып отырғаны айтылды. Қорытындылай келе "Nur Оtan" партиясына дауыс беруге шақырылды.


