Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қараспандағы Ақжол, Сарыарық елдімекендеріндегі суармалы су мәселесі шешімін табады

«Nur Otan» партиясының атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар: Бақтияр Тағаев пен Бақыткүл Тастанбекова «Байдәулет» шаруа қожалығында жұмысшыларымен Экспромт-кездесуін өткізді. Үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасын жан-жақты түсіндіріп өтті. Ерікті жастар тарапынан үгіт-насихат үнқағаздары таратылып берілді.

 2021 жылдың І тоқсанына дейін Қараспан ауыл округінің Ақжол, Сарыарық елді мекендеріндегі егін суаратын суармалы су мәселесі шешімін табады. 2023 жылы Қараспан елді мекеніне ауыз су жүйесін тартуға ықпал етіледі. 2025 жылға дейін елді мекен газдандырылады 2021-2025 жылдар аралығында аудан бюджеті есебінен 8 бейнебақылау камералары, ал облыстық бюджет есебінен 15 бейнебақылау камералары орнатылады (оның ішінде Қараспан ауылы да енгізілген). Бұл жөнінде экспромт-кездесуде үміткерлер мәлімдеп өтті.

0
0
116

Осы тақырып бойынша