"NurOtan" партиясының алдағы 5 жылға арналған бағдарламасындағы өнер мен мәдениетке қатысты тұстары
Ұлыбританияның атақты премьер-минстрі Черчилльге соғыс кезінде қол астындағылар ел бюджетін алып келіпті. Онда мәдениетке мүлде қаржы қарастырылмаған екен. Басшының сұрағына, жауаптылар "соғыс кезінде мәдениет не керегі бар", деген сыңайда жауап береді. Ал, Черчилль болса "Сонда біз не үшін соғысып жатырмыз"? деп жауап қайтарған екен.
Мәдениет, өнер, әдебиет жалпы руханият біздің негізіміз. Одан алыстап, ажырап кетуге болмайды.
Үгіт -насихат барысында түрлі мәдени ошақтарға бас сұғып, ұжымдарымен жүздесіп, мәселесін тыңдап жүрмін. Сондай жарқын кездесудің бірі Ақтау қаласында орналасқан М.Өскінбаев атындағы облыстық филамонияда болды. Өнер шаңырағына облыстық маслихатқа үміткер Иса Бимырзаев екеуміз бірге барып, мәдениет саласының мамандарымен емен-жарқын әңгіме өрбіді. "NurOtan" партиясының алдағы 5 жылға арналған бағдарламасындағы өнер мен мәдениетке қатысты тұстарын тізіп айтып бердік. Сауалдарына жауап бердік. Өнер адамдары да көп нәрседен хабардар, көздері ашық, көкірегі ояу жандар. Қатарында партияластарымыз да бар екен. Елдік шаруада бірігетіндерін жеткізді.
"Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз".
#NurOtan
#ЕлІшінде
#СаматМусабаев
#БізБіргеміз
#ЖеңіскеБіргеЖетеміз


