Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Есіктен есікке» акциясы

«Nur Otan» партиясы атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Анвар Агаев «Есіктен есікке» атты үгіт-насихат жұмыстары аясында сайлаушылардың үйлерін аралап түсінік жұмыстарын жүргізді. Үгіт-насихат жұмыстары барысында үміткерлер сайлаушыларға партияның атқарған істері мен 2025 жылға арналған бағдарламасын баяндап, атқарылатын жобаларды атап өтті. Үміткерлер партия төрағасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясаты мен көрегендігінің арқасында елімізде бейбітшілік пен тұрақтылық орнағандығын жеткізе отырып, облыстық филиалдың бағдарламасында көрсетілген негізгі бағыттарды атап өтіп «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз» деген ұранды сөздің астарында татулық пен бірліктің мызғымас күші тұрғандығын тілге тиек етті.

Сонымен қатар сайлаудың маңыздылығын да түсіндіре отырып сайлаушыларды 10 қаңтар күні өтетін ҚР Парламенті мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлауда дұрыс таңдау жасауға шақырды. Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер сайлаушылардың ұсыныс-пікірлерін де назарға ала отырып, партияның сайлаушылар ұсынысын елеусіз қалдырмайтындығын жеткізді.

Осы тақырып бойынша