Мазмұнға өту

Жаңа

Ауданның мәдениет және спорт саласының дамуына елеулі үлес қосқан қызметкерлер марапатталды.

Аудан әкімінің орынбасары Р.С.Шалбаевтың Алғысымен ауданның мәдениет және спорт саласының дамуына елеулі үлес қосқан қызметкерлер марапатталды. Алғыс хаттарды аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ы.Д.Божанов табыстады.

0
0
109

Құттықтаймыз!

Малбасов Молдаш Сұлтанғалиұлы ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орай "Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін" ҚР Білім және ғылым министрлігінің алғыс хатымен марапатталды.

0
0
115

21 желтоқсан күні аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Жыңғылды ауылы тұрғындарымен кездесу

21 желтоқсан күні аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Жыңғылды ауылы тұрғындарымен кездесу өткізді. Ауылда атқарылған жұмыстар легін баяндадық. Ауыл тұрғындары белсенділік танытып ауылды дамытуда өз ұсыныстарын айтып, сұрақтарын қойды. Ауылдың төменгі бөліктерінде интернет желісінің әлсіз екені, ауылдағы паркті көгалдандырып демалыс орындарын ашу,жабдықталған балалар ойын алаңы керектігін талқыладық. Кандидаттар сұрақтармен ұсыныстардың барлығы қаперге алынатындығын білдіріп, 2021 жылы 10 қаңтардағы сайлауда "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.

0
0
152

Партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстыру

Жармыш ауылының ардагер ұстазы Алдақова Қымбат Досжанқызына Сәуле Бусахановамен бірге барып кездесіп, "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырдым және алдағы сайлау науқанына шақырдым. Қымбат апай елдің жағдайын айта келе, ауылға жоғары білімді дәрігер керектігін, аналар кеңесінің жұмысын жандандыру, болашақта ауыл әкімінің жергілікті жердің тумасы болғанын қалайтынын айтып өтіп, алдағы сайлауға сәттілік тіледі.

0
0
142

Дәріханалардағы дәрі-дәрмек қорының жеткіліктілігі мен бағаның тұрақтылығына мониторинг

"Адалдық алаңы"Маңғыстау аудандық жобалық кеңсесінің мүшелері және "Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалы өкілдерінен құрылған мобильді топ дәріханалардағы дәрі-дәрмек қорының жеткіліктілігі мен бағаның тұрақтылығына мониторинг жүргізді.Нәтижесінде аудан дәріханаларында дәрі - дәрмек қоры жеткілікті және баға тұрақты екендігі анықталды

0
0
107

Үгіт-насихат жұмыстары

Маңғыстау аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Тындырғанова Лаура Қобыландықызының сенімді өкілі Аманқұлова Жанна үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында канвассинг кездесулер өткізді.

0
0
113

«Nur Otan»: еңбек өнімділігі 1,7 есеге артады

Бүгінде «Nur Otan» партиясы ауыл тұрғындарының табысын арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басымдық беріп отыр. Мәселен, жоспарлы жұмыстар нәтижесінде ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін 1,7 есеге арттыру күтілуде. Бұл үшін 87 инвестициялық жоба іске асырылмақ. Оның ішінде Арал ауданында түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіретін зауыт құрылысы, Қармақшы ауданында құс фабрикасының құрылысы мен Шиелі ауданында сүт фермасы құрылысы, Қызылорда қаласында ет комбинатының құрылысы және Жаңақорған ауданында томат пастасын өндіру зауытының құрылысы да бар.Бұл жайлы бүгін Қызылорда облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Самат Ақпамбетов пен Еркебұлан Жақып «Абай Дәулет» ЖШС малшыларымен өткен кездесуде айтты.Үгіт тобы бұл басқосуда өңір ахуалын арттыру мақсатында бағыт…

0
0
2693

Тарихи 100 объектіге QR-код орнатылады

Бүгінде халқымыздың төл мәдениеті мен терең тарихын насихаттау «Nur Otan» партиясының басты мақсаттарының бірі. Бүгінде бұл бағытта бірқатар ауқымды шаралар жоспарланған. Мәселен, облыстың киелі нысандары бойынша өлкетану экспедициялары мен экскурсиялар өткізу, Сығанақ, Жанкент, Бәбіш мола қалаларына археологиялық зерттеулер жүргізу жұмыстары жоспарлануда. Сонымен қатар, Қызылорда облысының көрнекті тумалары Кете Жүсіп, Роза Бағланова, Батырхан Шүкенов, Кеңес Дүйсекеев секілді басқа да мұраларын насихаттап, тарихи-мәдени мұраның 100 объектісіне QR-кодтарын орнататын болады.Бұл жайлы бүгін Қызылорда облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Самат Ақпамбетов пен Еркебұлын Жақып канвассинг кездесу барысында айтты.Бұл басқосу мәдениет саласының ардагері Әубакір Жұмабайдың үйінде ө…

0
0
1740