Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алаштың аяулы ақыны, ақылшы аға Светқали Айтман ағамен жолығып, сұхбаттасты.

Түстен кейін Алаштың аяулы ақыны, ақылшы аға Светқали Айтман ағаммен жолығып, сұхбаттастым

Өмірде де ақжарма көңілмен алқап жүретін жайсаң аға әлеуметтік желіде де қоштап, мерейімді асырып отырды. Рахметімді айттым.

"Саматжан, Алаш баласының жиылған жерінде біздің елдің де үлесі бар. Сол үлесті өздерің алып, ауылдың сөзін, ауылдың жағдайын айтқалы бара жатырсыңдар, ақ жол.

Кемел билікке қаймана жұрттың талап-тілегін, мұратын жеткізіп отыру да үлкен жауапкершілік, көп жүк. Өзіңе сенем, жүк ауырынан жасқанбайтын қуатыңа сенем, Алла жар болсын, шырағым" деді жақсы аға.

Жақсы лебізі жан жадыратқан Ағаммен кездесуден қанаттанып шықтым!

Ағалардың сенімін арқалап жүрсек, "қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз"!!!

#NurOtan

#ЕлІшінде

#СаматМусабаев

#БізБіргеміз

#ЖеңіскеБіргеЖетеміз

0
0
151

Осы тақырып бойынша

Алаштың аяулы ақыны, ақылшы аға Светқали Айтман ағамен жолығып, сұхбаттасты. - Yvision.kz