Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Есіктен есікке"

Бүгін менің сенімді өкілдерім Қ.Артықбай, Р. Ногаев және Ақтау қалалық депутаттығына үміткерлер Е.Сыражан, Ғ.Абдисадық "Есіктен есікке" акциясы аясында, 4 шағынаудан аймағындағы теңіз жағалауында үгіт-насихат жұмыстарын жүргіздік. Акция барысында қала тұрғындарын халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасауға бағытталған 2025 жылға дейінгі бағдарламамен жан-жақты таныстырып, үгіт материалдарын тараттық. Кездесуге қатысқан қала тұрғындарымен сайлаудың өту барысы, қалай дауыс беру, мектептердегі оқу жүйесі туралы, сонымен қатар тұрмысы төмен отбасыларға көңіл бөліп, алдағы уақытытта қайырымдылық шараларын өткізу жөнінде әңгімелестік. Осындай акциялар арқылы халыққа жақын болуға болатынына тағы да бір көз жеткіздік. Тұрғындарды 10 қаңтардағы сайлауға белсенді қатысуға және "Nur Otan" партиясын қолдауға шақырдық, халықтың барлық ұсыныстары мен ескертулері қаралып, алдағы жұмыс барысында ескерілетінін айттық.

Yerbol Mukashev

Осы тақырып бойынша