Қарқынды үгіт-насихат жұмыстары бүгін де жалғасуда.
Қарқынды үгіт-насихат жұмыстары бүгін де жалғасуда. ҚР Мәжіліс депутатығына үміткер Самат Мұсабаевпен бірге Онды ауылында кездесу өткіздік.
Ауыл тұрғындарының көтеріп отырған басты мәселелерінің бірі: биыл Маңғыстау жерінде қыс қатты басталып, кейбір мал ұстап отырған азаматтарға қиындық туғызған. Онды ауылында қалың қар ұзақ жатып, күн райының күрт өзгеруіне байланысты жылқылар суыққа шыдамай өліп жатыр екен. Сондай-ақ жем-шөп азығы да бітіп, біраз қиындық тудырып жатыр.
Ауданда мал азығы жетіспеушілігінің алдын алу мақсатында жергілікті әкімдіктің ұйымдастыруымен көрші облыстардан шөп әкелініп жатыр екен. Бүгін Шетпеге 50 рулон шөп келген, 34 рулон Онды ауылына жіберілген. Тағы 78 рулон тиеген көліктер жолда. Жалпы дәл қазіргі сәтте ауданда 495 тонна жем, 1 вагон шөп бар. Алдағы он күндікте тағы 1000 тоннадай жем келеді деп жоспарлануда.
Тұрғындардың қажеттілігін, ұсыныс-пікірлерін тыңдап, халықты толғандырған сауалдарға жауап бердік.
Партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілген 2021-2025 жылдар аралығына жоспарланған ауданымызда жасалатын бірқатар ірі жұмыстар жайында кеңінен түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргіздік.
Ospan Kazakhbayev


