Қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидат шағын және орта бизнес өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді
2020 жылы 30 желтоқсанда қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидат Баймағанбетов Өміржан Зейнешұлы ZOOM платформасында шағын және орта бизнес өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді. Өміржан Зейнешұлы ең алдымен іс-шараға қатысушыларды алда келе жатқан Жаңа жылдарымен құттықтап, өнеркәсіптік сектордың тұрақты жұмыс істеуінің арқасында COVID-19 пандемиясы кезінде қалада экономикалық шығындарға және жұмысшылардың жаппай жұмыстан босатылуына жол берілмегенін атап өтіп, кәсіпкерлердің еңбегіне табыс тіледі.Содан соң партияның сайлауалды бағдарламасымен және оның негізгі бағыттарымен таныстырды. Өз сөзінде Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасының басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл–ауқатын үздіксіз жақсарту үшін жағдай жасау. «Nur Otan» партиясы өзінің алдына әрбір жеке азаматтың…
