ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттың сенімді өкілі канвассинг өткізді.
2020 жылы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Басин Вадим Борисовичтің сенімді өкілі Саран қаласы тұрғындарының үйлеріне барып, канвассинг өткізді. Канвассинг барысында оларға үгіт материалдарын таратып, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын түсіндірді.
Сондай-ақ, канвассинге қамтылғандарды 2021 жылдың 10 қаңтарында азаматтық белсенділік танытып, мақсаты еліміздің дамуы мен гүлденуі болып табылатын «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
Бүгінгі таңда қала тұрғындары «Nur Otan» партиясынан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде.
Біз Сіздердің сеніміңізді бағалаймыз және жақсы нәтижелерге бірге қол жеткізетінімізге сенімдіміз!
#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

