Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидат шағын және орта бизнес өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді

2020 жылы 30 желтоқсанда қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидат Баймағанбетов Өміржан Зейнешұлы ZOOM платформасында шағын және орта бизнес өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді. Өміржан Зейнешұлы ең алдымен іс-шараға қатысушыларды алда келе жатқан Жаңа жылдарымен құттықтап, өнеркәсіптік сектордың тұрақты жұмыс істеуінің арқасында COVID-19 пандемиясы кезінде қалада экономикалық шығындарға және жұмысшылардың жаппай жұмыстан босатылуына жол берілмегенін атап өтіп, кәсіпкерлердің еңбегіне табыс тіледі.

Содан соң партияның сайлауалды бағдарламасымен және оның негізгі бағыттарымен таныстырды. Өз сөзінде Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасының басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл–ауқатын үздіксіз жақсарту үшін жағдай жасау. «Nur Otan» партиясы өзінің алдына әрбір жеке азаматтың әл-ауқатының артуына ықпал ететін экономика құру міндетін қойып отыр.

Қала экономикасын тұрақты дамыту үшін бізге жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды нығайту және өңдеуші өнеркәсіптің, логистиканың, қызмет көрсету мен сауданың жаңа жобаларын жасау керек»,- деп атап өтті.

Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ, оларды азаматтық белсенділік танытып, 2021 жылдың 10 қаңтарында мақсаты еліміздің дамуы мен гүлденуі болып табылатын «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
155

Осы тақырып бойынша

Қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидат шағын және орта бизнес өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді - Yvision.kz