Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидат қала тұрғындарымен тікелей эфир өткізді.

2020 жылы 29 желтоқсанда облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидат Өтеубаев Талғат Бабашұлы Инстаграм желісі арқылы қала тұрғындарымен тікелей эфир өткізді. Эфир барысында қатысушыларды партияның сайлауалды бағдарламасымен және оның негізгі бағыттарымен таныстырды.

Өз сөзінде «Nur Otan» партиясы экономиканы дамытудың тұрақтылығын қамтамасыз ету, жұмыспен қамтуды сақтау және жаңа жұмыс орындарын ашу, қаламызды қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бар күшін салады. Партия білім, денсаулық және әлеуметтік саладағы сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, тұрғындардың өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін нақты, тәжірибелік жұмысты жалғастырады. Ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және аға буынның белсенді ұзақ өмір сүрулері үшін жағдай жасау мәселелеріне ерекше көңіл бөледі»,- деп атап өтті.

Тікелей эфирдің соңында эфирге қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ, оларды азаматтық белсенділік танытып, 2021 жылдың 10 қаңтарында мақсаты еліміздің дамуы мен гүлденуі болып табылатын «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
152

Осы тақырып бойынша

Облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидат қала тұрғындарымен тікелей эфир өткізді. - Yvision.kz