"NurOtan"партиясы Атырау облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлердің Zoom платформасында кездесу
"Nur Otan"партиясы Жылыой аудандық филиалының ұйымдастыруымен Атырау облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Сисенов Айтпай Фандыбайұлы, Бертлеуов Жәнібек Нұрсұлтанұлы санитарлық талапты сақтай отырып Жылыой ауданының зейнеткерлері мен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында, қашықтықтан онлай жиын өткізді. Үгіт-насихат жұмыстары аясында "Nur Otan" партиясының 2021-2025 жылдарға бағытталған Сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, аудан тұрғындарының ұсыныс пікірлері талқыланды.
