«Botaqan» балабақшасында кездесу
ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттарын сайлауға байланысты үгіт-насихат жұмыстарының жоспарына сай Мұнайлы ауданы Баянды ауылындағы «Botaqan» балабақшасына барып, тәрбиешілер ұжымымен кездесті. Олардың хал-жағдайын сұрап, жұмыстарының қалай жүріп жатқанын білдім. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, оның негізгі басқа партиялардан ерекшеліктері туралы түсініктеме берді. Ұжым мүшелерінің қойған сауалдарына жауап беріп, пікір алмастық. Тәрбиешілер партия бағдарламасын қолдайтынын білдірді.

