Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Құрметті аудан тұрғындары! Қымбатты жерлестер!

Құрметті аудан тұрғындары! Қымбатты жерлестер! Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Өткен жыл еліміз үшін де, бүкіл әлем үшін де оңай болмағаны анық. Әлемді шарпыған коронавирус пандемиясы жаңа қиындықтар туғызды. Дегенмен халқымыздың бірлігі мен ынтымағы, өзара қолдауы мен өр рухының арқасында біз бұл қиындықты да еңсеріп келеміз. «Nur Otan» партиясы бұған бар күшін салуда.Дегенмен өткен жылға өкпе жоқ. Әлемдік экономикадағы дағдарысқа қарамастан бiз мақтаныш ететiн жетiстiктерге қол жеткiздік. Өңірімізде халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жобалар дер кезінде жүзеге асырылды.Ендеше, жаңа жыл да еліміз үшін берекелі болып, барша шаңыраққа жақсылық ала келсін.Еліміз бай-бақуатты, халқымыздың бірлігі бекем болғай. Отбасыларыңызға береке, дендеріңізге саулық, бастарыңызға бақыт тілейміз!

0
0
171

Осы тақырып бойынша

Құрметті аудан тұрғындары! Қымбатты жерлестер! - Yvision.kz