Мазмұнға өту

Жаңа

Құрметті қазақстандықтар!Сіздерді жаңа 2021 жылмен шын жүректен құттықтаймыз!

Індеттің салдарынан қиыншылықтардың да болғандығын ескергеніміз жөн. Экономикада еңселі биіктерді еңсердік. Мемлекеттік қолдаулардың нәтижесінде мал шаруашылықтары, кәсіпкерлік, әлеуметтік саласында жемісті жұмыс жүрді.

Жаңа жылда Сіздерге игілік пен ізгілік, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға бақ-береке тілейміз.

Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры қашанда берік, туы биік болсын!

Қосөзен елінің құты мен ырзығы арта бергей!

Жаңа жыл құтты болсын, қымбатты отандастар!

0
0
168

Құрметті аудан тұрғындары! Қымбатты жерлестер!

Құрметті аудан тұрғындары! Қымбатты жерлестер! Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Өткен жыл еліміз үшін де, бүкіл әлем үшін де оңай болмағаны анық. Әлемді шарпыған коронавирус пандемиясы жаңа қиындықтар туғызды. Дегенмен халқымыздың бірлігі мен ынтымағы, өзара қолдауы мен өр рухының арқасында біз бұл қиындықты да еңсеріп келеміз. «Nur Otan» партиясы бұған бар күшін салуда.Дегенмен өткен жылға өкпе жоқ. Әлемдік экономикадағы дағдарысқа қарамастан бiз мақтаныш ететiн жетiстiктерге қол жеткiздік. Өңірімізде халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жобалар дер кезінде жүзеге асырылды.Ендеше, жаңа жыл да еліміз үшін берекелі болып, барша шаңыраққа жақсылық ала келсін.Еліміз бай-бақуатты, халқымыздың бірлігі бекем болғай. Отбасыларыңызға береке, денд…

0
0
186

Қаңтардың екісі күні яғни бүгін

депутаттық фракцияның онлайн форматтағы отырысы өтті. Депутаттық фракция – аудандағы әлеуметтік-экономикалық саясатқа әсер ете алатын партияның негізгі құралы, өздерінің сайлауалды уәделерін жүзеге асырудың сенімді механизмі. Фракция мүшелері өңірдегі орын алып жатқан барлық саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайлармен таныс. Онлайн режимінде өткізілген жиынға «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов, мәслихат депутаттары және фракция мүшелері қатысты. Аталған жиында халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасы мәселелері жайында айтылып талқыланды. Мәселен, қазіргі таңда мемлекеттік тізілімде 700-ге жуық қызметтер бар, олардың 85,5%-ы онлайн. Осы кестеде қызметтерді электрондық түрге көшіру жөніндегі мемелкеттік органдармен атқарыл…

0
0
253